• Мое избранное
XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі мәдениет Комитетінің 2021 жылғы 27 қазанындағы №13 бұйрығы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығымен бекітілген«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 966 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурстың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасының
 Мәдениет және спорт министрлігі
 Мәдениет комитеті төрағасының
 2021 жылғы 27 қазандағы
 № 13бұйрығымен
 бекітілген
XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 
12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 966 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын сәйкес әзірленді және XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын (бұдан әрі– Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурс Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналып өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2020 жылғы ХІ конкурстың өткізілмеуі себебінен 2020 жылы жаңа өнер туындыларына арналған «Тәуелсіздік толғауы» ХІ республикалық онлайн-конкурсына (бұдан әрі – 2020 жылғы Конкурс) қатысуға келіп түскен барлық өтінімдерді қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) ағымдағы жылы тең деңгейде қарайды.
2-тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
Абай Құнанбайұлы, Әбу Насыр әл-Фараби мен Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын насихаттау;
өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
театрлар мен концерт ұйымдарының репертуарларын жаңа туындылармен толықтыру;
отандық авторларды қолдау.
3-тарау. Конкурстың өткізілу тәртібі
Конкурс 2021 жылдың 27 қазаннан бастап 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Конкурсқа туынды авторлары (бұдан әрі – қатысушылар) қатысады, жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Әбу Насыр әл-Фарабиге немесе Абай Құнанбайұлына немесе 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған үздік музыкалық туынды»;
«Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған үздік драматургиялық туынды»;  
  «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына   арналған балалар үшін үздік әдеби туынды»;
«Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған үздік поэзиялық туынды»;
««Жыр алыбы – Жамбыл» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»;
««Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа арналған үздік көркем туынды».
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2021 жылғы 27 қазаннан бастап 20 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде  ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсқа қатысуға өтінімдерді мынадай құжаттар мен материалдарды қосымша бере отырып жібереді, 2020 жылғы Конкурсқа түскен өтінімдерді қоспағанда (бұдан әрі – өтінім):
1) PDF форматында жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шығармашылық өмірбаяны;
3) туындыға құқығы бар екендігін растайтын мемлекеттік тіркеу құжаты (Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік);
4) қатысушының 13х18 см өлшеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында);
5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номинацияға ірі немесе кіші формадағы (хор, халықтық аспаптық оркестрлері, симфониялық және эстрада-симфониялық оркестрі) туынды бойынша өтінімге қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;  
партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша пьеса ұсынылады, өтінімге қосымша келесі қосымша құжаттар қоса беріледі:
Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық), мәтіннің көлемі 40 беттен аспауы керек;
туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;
ұзақтығы 90-120 минут, екі актіден тұратын туынды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген номинациялары бойынша проза немесе поэзия ұсынылады, өтінімге келесі қосымша құжаттар қоса беріледі:
Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық), мәтіннің көлемі 40 беттен аспауы керек;
МР3 форматындағы әдеби туындының аудиожазбасы.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген номинациясына туындының графикалық немесе кескіндемелік жанрлары бойынша өтінімге қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
көркем туындының Word құжаттағы аннотациясы;
көркем туындының электрондық нұсқадағы өлшемі кемінде 40х50 см.
Өтінім мен қосымша материалдар электронды поштаға жіберіледі: tauelsizdiktolgau@mail.ru . Анықтама үшін телефондары: 8(7172)74-03-70, 74-05-19, 8 777486 6666.
Конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.
Конкурсқа қатысушылар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бірнеше номинацияларға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен  бір туынды ғана ұсынылады.
Конкурсқа ұсынылған туындылар рецензияланбайды және қайтарылмайды.  
Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарының туындылары Қазақстан Республикасының мәдениет ұйымдары мен шығармашылық бірлестіктерінің репертуарына қосу үшін ұсынылатын болады.  
Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарына ақшалай сыйақыларды төлеу олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.  
Ақшалай сыйақыларды аудару үшін Қазылар алқасының хаттамасы негіз болып табылады.  
  Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форматта өтеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) «QR Mádenıet, sport mınıstrlіgі»   YouTube арнасында көрсетіледі.
4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы 
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрамда XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Конкурсты ілгерілету мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-парағын ұсынады және Қағидаларды Министрліктің www.msm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.
5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы
Туындыларды бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпаздар мен лауреаттарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес құрамда Қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасы:
Осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген кез келген номинация бойынша лайықты үміткерлер болмаған жағдайда жеңімпазды және лауреатты анықтамауға;
Бас жүлдені қоспағанда, бір номинация бойынша бірнеше жеңімпаздар мен лауреаттар болған жағдайда ақшалай сыйақыны бөлуге құқылы, осы номинация және иеленген орын үшін көзделген қаражат шегінде.
Қазылар алқасы конкурс жеңімпаздарын  және лауреаттарын дипломдармен және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген ақшалай сыйлықтармен марапаттайды.  
Әрбір Қазылар алқасының құрамы, оның төрағасын қоса алғанда, әрбір номинация бойынша жеке тақ саннан құрылады.
Қазылар алқасының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Әрбір номинация бойынша Қазылар алқасының шешімі төраға мен Қазылар алқасының барлық қатысқан мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
   Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функциясын орындайтын тұлғалар болып табылатын қазылар мүшелеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 13-бабындағы 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес қаламақы төленбейді.
  Қазылар алқасы мүшелерінің іс-шараны өткізу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласына бару және кері жол жүру, тамақтану, тұратын жер, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көлікпен жүру шығындарын төлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында белгіленген мөлшер шегінде жүзеге асырылады.     
6-тарау. Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты өткізуді қаржыландыру «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 105 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы шеңберіндегі көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Конкурс номинациялары бойынша келесі ақшалай сыйақылар белгіленеді:
1) Бас жүлде:
«Үздік музыкалық туынды» – 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
«Үздік драматургиялық туынды» – 750 000 (жеті жүз елу мың)  теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
«Үздік әдеби туынды» – 750 000 (жеті жүз елу мың)  теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
«Үздік көркем туынды» – 750 000 (жеті жүз елу мың)  теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
2) «Әбу Насыр әл-Фараби немесе Абай Құнанбайұлына немесе Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған үздік музыкалық туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
3) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған үздік драматургиялық туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
4) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған үздік балалар үшін әдеби туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
5) «Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған үздік поэзиялық туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
6) ««Жыр алыбы – Жамбыл» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
7) ««Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» Абай Құнанбайұлына немесе Жамбыл Жабаевқа арналған үздік көркем туынды»:
І орын – 500 000 (бес жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІ орын  – 400 000 (төрт жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде);
ІІІ орын  – 300 000 (үш жүз) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде).
7-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Қағидаларда қарастырылмаған барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және шешіледі.
XI Республикалық
 «Тәуелсіздік толғауы» атты
 жаңа өнер туындыларына арналған
 онлайн-конкурсын өткізу қағидаларына
 1-қосымша
нысан
XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсқа қатысуға өтінім


 

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(болған кезде)


 


 


 

Туған күні


 


 


 

Қатысушы туралы

қосымша ақпарат

(жұмыс, оқу орны және т. б.)


 


 


 

Номинацияның

атауы


 


 

Конкурстық туындының

атауы


 


 


 

Байланыс анықтамалары:

мекен-жайы, телефоны,

e-mail