• Мое избранное
«Елім менің» XVII Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Елім менің» XVII Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің 2021 жылғы 27 қазанындағы №12 бұйрығы

  «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ, 2021 жылғы 25 ақпандағы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 76-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Елім менің» XVII Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет комитеті төрағасының
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген
  «Елім менің» XVIІ Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы «Елім менің» XVІI Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2021 жылғы 25 ақпандағы хаттамасымен бекітілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 76-тармағына сәйкес әзірленді. 
Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) өткізеді.
2020 жылы эпидемиялық жағдайға байланысты конкурстың өтпей қалу себебінен 2020 жылы Конкурсқа қатысу үшін түскен барлық өтінімдерді қазылар алқасы ағымдағы жылы түскен өтінімдермен тең деңгейде қарайды. 
2-тарау. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Абай Құнанбайұлының және Жамбыл Жабаевтың құнды мол мұрасын көпшілікке насихаттау;
заман талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
отандық авторларды қолдау;
еңбекке, кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау болып табылады.
3-тарау. Конкурстың өткізу тәртібі
Конкурс 2021 жылдың 27 қазаннан бастап 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Мәңгілік Ел» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 
30 жылдығына арналған (отан туралы, рухани құндылықтар туралы, ел тарихының ерлік жылдары туралы әндері);
«Тәуелсіз елдің ұланы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 
30 жылдығына арналған (мектепке дейінгі және кіші жастағы балаларға арналған ән);
«Ән сал, сарбаз!» (Қазақстан Респуликасы Қарулы күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери қызметшілері туралы әндері);
«Қазақстан – ортақ үйіміз» Қазақстан халқы Ассамблеясының 
25 жылдығына немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 
30 жылдығына арналған (Қазақстан халықтары достығы туралы әндер);
«Абай немесе Жамбыл әндері және күйлерінен үздік авторлық оркестрлеу, өңдеу»;
«Біз біргеміз» (дәрігерлер мен еріктілерге арналған әндер). 
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2020 жылы келіп түскен өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қоспағанда, мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2021 жылғы 27 қазаннан бастап 20 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:
PDF форматында жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шығармашылық өмірбаяны;
электрондық форматта туындыға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы құжат (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігі);
Конкурска қатысушының 13х18 сантиметр өлшеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында);
туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;
Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық);
партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.
8. Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: Еlimmenin2003@mail.ru . Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-03-74,  87774866666.
  9. Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың         7-тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
10. Конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.
11. Конкурсқа қатысушылар осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген бірнеше номинацияларға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен  бір туындыны ғана ұсынылады.
12. Конкурсқа ұсынылған туындылар, рецензияланбайды және қайтарылмайды.
13. Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарының туындылары Қазақстан Республикасының мәдениет ұйымдары мен шығармашылық бірлестіктерінің репертуарына қосу үшін ұсынылатын болады.
14. Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарына ақшалай сыйақыларды төлеу олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.  
Ақшалай жүлделерді төлеу үшін Қазылар алқасының хаттамасы негіз болып табылады.  
15. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форматта өтеді. Іс-шараны трансляция жасау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)  «QR Mádenıet, sport mınıstrlіgі» YouTube арнасында өткізіледі.  
4-тарау. Конкурстың ұйымдастыру комитеті
16. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы 
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрамы (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
17. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау мен өткізуді басшылықты жүзеге асырады.
18. Конкурсты жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-релиздерді ұсынады және Қағиданы Министрліктің www.mсm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.
Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: телефон: 8 (7172)    74-03-74, 8-777-486-66-66; электрондық пошта: Elimmenin2003@mail.ru.
5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы
Конкурсқа қатысушылардың өнерін бағалау, сондай – ақ қорытындылар шығару және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпаздарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) құрылады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кіреді.
Төрағаны қоса алғанда, Қазылар алқасының құрамы тақ болуға тиіс.
Әрбір номинация бойынша Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Дауыстар тең болған жағдайда Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың Қазылар алқасы құқылы:
лайықты туындылар болмаған жағдайда кез келген номинация бойынша жеңімпазды анықтамауға;
Ақшалай жүлделерді (Гран-приді қоспағанда) бермеуге немесе жеңімпаздар арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Қазылар алқасы мүшелерінің іс-шараны өткізу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласына бару және кері жол жүру, тамақтану, тұратын жер, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көлікпен жүру шығындарын төлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында белгіленген мөлшер шегінде жүзеге асырылады.     
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабындағы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функциясын орындайтын тұлғалар болып табылатын қазылар мүшелеріне қаламақы төленбейді.    
6-тарау. Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты өткізуді қаржыландыру «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақтың мұрасын сақтау, зерделеу және насихаттау және де архив ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 105 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» ішкі бағдарламасы шеңберіндегі көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Конкурс номинациялары бойынша келесі ақшалай жүлделер белгіленеді:
Бас-жүлде – 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге (жеке табыс салығын қоса есептемегенде).
«Мәңгілік Ел» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған (отан туралы, рухани құндылықтар туралы, ел тарихының ерлік жылдары туралы әндері):
І  орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
«Тәуелсіз елдің ұланы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 
30 жылдығына арналған (мектепке дейінгі және кіші жастағы балаларға арналған ән):
І  орын – 500 000 (бес жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
«Ән сал, сарбаз!» (Қазақстанның қарулы күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери қызметшілері туралы әндері):
І орын – 500 000 (бес жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 (үш жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
«Қазақстан – ортақ үйіміз» Қазақстан халқы Ассамблеясының 
25 жылдығына немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған (Қазақстан халықтары достығы туралы әндер):
І  орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 (үш жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
«Абай немесе Жамбыл әндері мен күйлерінен үздік авторлық оркестрлеу, өңдеу»:
І  орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
«Біз біргеміз» (дәрігерлер мен еріктілерге арналған әндер): 
І  орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІ  орын – 400 000 (төрт жүз мың) теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде);
ІІІ  орын – 300 000 (үш жүз мың)  теңге (жеке табыс салығы қоса есептемегенде).
7-тарау. Қорытынды ережелер
29. Осы Қағидаларда қарастырылмаған барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.  
«Елім менің» XVII Республикалық
патриоттық әндер онлайн-
конкурсын өткізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
«Елім менің» XVIІ Республикалық патриоттық әндер онлай-конкурсына қатысуға өтінім

Қатысушының т егі,

Аты, Әкесінің аты

(болған жағдайда )


 


 


 

Туған күні


 


 

Қатысушы туралы қосымша ақпарат (жұмыс, оқу орны

және т. б.)


 


 

Номинация атауы


 


 

 

Конкурстық шығарманың атауы


 


 

Байланыс анықтамалары:

Мекен-жайы, телефоны, e-mail