• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 298 бұйрығы

Редакция 05.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 6 қазандағы № 411 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі  С. Омаров
  • 1
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 298 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.04.2023 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (29.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)

Рүстем Жомартұлы

Құрманов

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, комиссия төрағасы;

Жанар Тасболатқызы

Маханова

-

Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті директорының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Ерлан Теміржанұлы

Ілиясов

-

Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі;

Шаймерден Ыбрайымұлы

Ахметов

-

Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі;

Медет Жәдігерұлы

-

Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

Рустам Уәлиұлы

Бапов

-

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасы басшының м.а., комиссия мүшесі;

Марат Болатұлы

Ұзбаев

-

Жер ресурстарын басқару комитеті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

Айсұлұ Сембайқызы

Нұрмағамбетова

-

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тамақ қауіпсіздігі және инспекциялық жұмыстар басқармасының бас сарапшы, комиссия мүшесі;

Аслан Тілеуқабақұлы

Егдиров

-

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшы, комиссия мүшесі;

Диана Виталийқызы

Қалқаманова

-

Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті қаржы құралдары басқармасының сарапшысы, комиссия хатшысы.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 298 бұйрығына
2-қосымша
  • 1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1-таpay. Жалпы ережелер.
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің (бұдан әрі - Қағидалар) 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі - бірлестіктер мен ұйымдар) аккредиттеуді объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Комиссия өз жұмысында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қағидаларды, осы Ережені және бірлестіктер мен ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Комиссияны жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі басқарады. Комиссияның құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
5. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің қаржы құралдары және микрокредит беру департаментіне жүктеледі.
6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды және отырыстарда төрағалық етеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
8. Комиссияның шешімі қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.
9. Хаттаманы ресімдеуді, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
3-тарау. Комиссияның функциялары
10. Комиссияның функциялары:
1) Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарау;
2) аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы тиісті ұсынымдар шығару;
3) Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда бірлестіктер мен ұйымдарды аккредиттеудің күшін жою туралы мәселені қарау болып табылады.