Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25254 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10644 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 Бұйрығына қосымша
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Обаға қарсы күрес станциялары, ал олар болмаған жағдайда – тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.
3. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдаланады.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған зооноздық инфекциялар қоздырғыштарын таратушылар мен тасымалдаушылар, қоршаған орта объектілері;
2) инфекцияны тасымалдаушылар – оба қоздырғышы берілуінің трансмиссивті тетігін айқындайтын, көбіне буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
3) инфекцияны таратушылар – табиғатта инфекциялық аурулардың қоздырғышы болып табылатын жылы қанды жануарлар, бірінше кезекте кеміргіштер мен ұсақ сүтқоректілер;
4) қауіп төндіретін аумақ – адамдардың аса қауіпті инфекциялармен сырқаттану жағдайлары туындау қаупі бар аумақ;
5) қорғау аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және (немесе) таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
6) оба – адамды, жабайы және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, даму жылдамдығы жоғары және интоксикациясы, қызбасы айқын, лимфа түйіндерінің, тері мен өкпенің зақымдалуымен, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыра отырып, инфекция адамнан адамға берілген кезде науқастардың өлу деңгейі барынша жоғары және эпидемиялық әлеуеті жоғары болумен сипатталатын жіті инфекциялық процесі ауыр аса қауіпті табиғи ошақтық зооноз;
7) обаның табиғи ошағы – шегінде сырттан әкелінбей, белгісіз ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылып келе жатқан жер бетінің учаскесі;
8) реконвалесцент – ауырып жазылу сатысындағы науқас адам;
9) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар – халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын шоғырландыру және жою мақсатында қолданылатын шаралар;
10) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг – халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасын бақылаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі;
11) тырысқақ – тырысқақ генін бөлетін және қой эритроциттерін гемолиздемейтін, тырысқақ вибриондары тудырған, контагиоздылық дәрежесі жоғары, су-тұз, ақуыз алмасудың бұзылуымен, организмнің сусыздануымен, токсикозбен және гастроэнтеритпен сипатталатын қоздырғыш нәжіс-ауыз тетігі арқылы берілетін антропоноздық бактериялық инфекциялық ауру;
12) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша қауіп төндіретін адамдар;
13) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин – инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;
14) эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;
15) эпидемиялық ошақ – қоршаған аумағы қоздырғыш инфекция көзінен олармен қарым-қатынаста болатын адамдарға берілуге қабілетті шектерде болатын инфекция көзінің (науқастың және (немесе) адам мәйітінің) болатын орны;
16) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары мен қабылдағыш жануарлар бар шектеулі аумақ немесе үй-жай.
2-тарау. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Қазақстан Республикасының аумағында обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары және обамен сырқаттануға күдіктенген жағдайдағы іс-қимылдар туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіп төндіретін эпидемиялық жағдай туындаған кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
8. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы күрес станцияларымен бірлесіп:
1) аумақтың әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаның тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы күрес станцияларының тұрақты дайындығын және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
3) обаның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен сырқаттануының, оның табиғи ошақтардан тысқары шығарылуының, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасының аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
4) обамен сырқаттанудың бірлі-жарым, сондай-ақ жаппай жағдайлары туындаған кезінде күштер мен құралдарды есепке ала отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін;
5) оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық жасақтарды ашуға медициналық ұйымдардың дайындығын қолдауды;
6) обаның эпидемиялық ошағын шоғырландыру және жою үшін ашылған мамандандырылған жасақтардың медициналық персоналын даярлауды;
7) обаның профилактикасы мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтитын аумақты санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарларын және жедел жоспарларын әзірлейді.
9. Аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
10. Медициналық ұйымдар обаға қарсы күрес станциялары айқындайтын эпидемиялық маусым басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жыл сайын табиғи ошақ аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын адамдарды обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |