Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24430 болып тіркелд
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен бекітілген
Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2025 жылғы № 135 Бұйрығына сәйкес (14.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және:
сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтарды;
сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы;
2) аумақтық бөлімше – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
3) әлеуетті өнім беруші – «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға;
4) қауіпті емес қалдықтар – сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтар;
5) қауіпті қалдықтар – сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) келіп түсті деп танылған қауіпті қалдықтар;
6) қауіпті қалдықтарды зерттеу – сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шара: қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу, қауіпті қалдықтардың қасиеттерін зерделеу, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін айқындау, қауіпті қалдықтардың санын (көлемін) айқындау, Кодекстің 343-бабына сәйкес қауіпті қалдықтардың паспортын жасау;
7) қауіпті қалдықтар туралы есеп – қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу хаттамаларын қоса бере отырып, қауіпті қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы, қауіпті қалдықтардың сандық сипаттамалары туралы ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын қауіпті қалдықтарды зерттеу нәтижелері бойынша уәкілетті заңды тұлғалар қалыптастырған жазбаша құжат;
8) қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою:
қалдықтарды көмуге немесе жоюға дайындау жөніндегі (оның ішінде оларды сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру жөніндегі) қосалқы операцияларды қоса алғанда, қалдықтарды көму немесе жою жөніндегі кез келген, қалпына келтіру болып табылмайтын операция;
қалдықтарды қайта пайдалануды, оның ішінде қалдықтарды тікелей мақсаты бойынша қайта пайдалануды (қайта өңдеу), оларды тиісті дайындықтан кейін өндірістік циклге қайтаруды қоса алғанда, тауарларды (өнімдерді) өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қалдықтарды пайдалану деп түсінілетін қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруды көздейтін сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар;
9) қауіпті қалдықтардың орналасқан жері – сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды сақтау немесе өтеусіз сақтау жүзеге асырылатын аумақ, алаң, ғимарат немесе құрылысжай;
10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35328 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
11) негізгі шарт – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымның жүзеге асыруы шеңберінде уәкілетті орган мен ұйым арасында Заңның талаптарына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар.
13) тарихи анықтама – қауіпті қалдықтарды басқару шеңберінде қалыптастырылатын, қауіпті қалдықтардың орналасқан жері, оларды мемлекеттік меншікке бергенге дейінгі қауіпті қалдықтардың пайда болу тарихы туралы мәліметтерді және өзге де ілеспе ақпаратты қамтитын құжат;
14) ұйым – сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
15) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
16) ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі ұйым жүзеге асыратын іс-шаралар;
Өзге ұғымдар мен қысқартулар осы Қағидаларда Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалған мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
3. Иесіз қауіпті емес қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қауіпті емес қалдықтарды кәдеге жаратқаннан және (немесе) жойғаннан кейін қауіпті емес қалдықтар объектілері орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жүргізеді.
3-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
5. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.
6. Иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін ЖАО немесе аумақтық орган 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 8-тармағына сәйкес ЖАО немесе аумақтық орган иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қалдықтардың көлемі мен қауіптілік сыныбын көрсете отырып, қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және оларды республикалық және коммуналдық меншікке беру туралы талаппен сотқа жүгінеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген).
8. Аумақтық органдар және (немесе) ЖАО осындай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы соттың отырыстарына қатысады.
9. Мұндай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы мәселені сотта қарау кезінде ЖАО немесе аумақтық орган қауіпті қалдықтарды 1, 2, 3-қауіптілік сыныбына республикалық меншікке беру, қауіпті қалдықтарды 4-қауіптілік сыныбына коммуналдық меншікке беру туралы сот алдында өтініш жасайды, республикалық меншікке беру жөніндегі түпкілікті шешім немесе істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот коммуналдық меншікті қабылдайды.
10. Қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЖАО құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының, ЖАО және аумақтық бөлімшенің өкілдері кіретін комиссия құрылады.