Bestprofi Logo

Бұйрық № 1253 от 2021-11-30г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелді

Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен  бекітілген

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидалары

1. Осы Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері) сатып алуын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алдын ала біліктілік іріктеу-әлеуетті өнім берушілерді осы Қағидаларда көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау процесі;

2) анық емес ақпарат – әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің тендер, аукцион, бір көзден алу және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты құжаттардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын және әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің ұсынылған өтініміне сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;

3) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үмітті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), консорциум;

4) бастапқы баға – әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;

5) біртекті тауарлардың түрлері – бірін-бірі алмастырмайтын біртекті тауарлар;

6) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болып табылмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және нақ сол бір функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

7) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

8) консорциум – келісім негізінде қатысушылардың уақытша ерікті, тең құқылы одағы (бірлестігі), онда қатысушылар кез келген ресрустарды біріктіреді және жобаның ойдағыдай іске асырылуын шешу үшін күш-жігерін үйлестіреді

9) келісу комиссиясы – шарт жасасудан жалтарған және сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

10) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

11) сатып алу – тапсырыс берушілердің Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алуы;

12) сатып алу веб-порталы – Заңға және осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды электрондық форматта өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

13) сатып алуға қатысушы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші, өнім беруші және электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы;

14) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет – акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның қызметі, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызметі;

15) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс берушінің лауазымды адамы немесе құрылымдық бөлімшесі не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін жауапты етіп айқындалған заңды тұлға;

16) сатып алу жөніндегі сараптау комиссиясы – сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып құратын алқалы орган;

17) сатып алу жөніндегі сарапшы – өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнаулы және (немесе) тиісті техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін тартатын жеке тұлға;

18) сатып алу саласындағы уәкілетті орган – квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

19) сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Заңға, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

20) тапсырыс берушілер – кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;

21) тауарлар – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

22) тендерлік комиссия (аукциондық комиссия) – сатып алуды тендер (аукцион) тәсілімен өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

23) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, өкілеттіктері сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын заңды тұлға (заңды тұлғалар).

3-тарау. Сатып алуды жоспарлау тәртібі

3. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды:

1) сатып алу жоспарын (сатып алудың алдын ала, жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын) әзірлеу және бекіту;

2) өнім берушіні таңдау және онымен шарт жасасу;

4. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (өндірістік бағдарламаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның және (немесе) бюджеттің және (немесе) даму жоспарының және (немесе) бизнес-жоспардың және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасының) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қоюдың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Тапсырыс беруші бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткенге және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қойғанға дейін сатып алудың алдын ала жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Сатып алудың алдын ала жоспары сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады.

Сатып алудың алдын ала жоспарында көзделген сатып алу туралы мәліметтер сатып алудың жылдық жоспарына ауыстырылуға жатады.

Сатып алу жоспар(лар)ын тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің өзге уәкілетті адамы және (немесе) алқалы органы тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіту (нақтылау) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қою жөніндегі алқалы органның отырысы хаттамасының үзінді-көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

5. Сатып алу жоспар(лар)ында мынадай мәліметтер:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание