«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 910 от 2021-12-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – холдинг) құрылсын.
2. Холдинг қызметінің негізгі нысанасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып айқындалсын.
3. Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) холдингтің жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін холдинг атынан құжаттарға қол қоюға, холдинг органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында холдингті мемлекеттік тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне холдинг акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының берілуін;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК);
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҰБО» ШЖҚ РМК);
3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «МРК» ШЖҚ РМК) болып өзгертілсін.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ҰБО» ШЖҚ РМК, «МРК» ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ҰБО» ШЖҚ РМК, «МРК» ШЖҚ РМК жарғыларына енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ҰБО» ШЖҚ РМК, «МРК» ШЖҚ РМК мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
8. «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ҰБО» ШЖҚ РМК, «МРК» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК) тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі – «БҚПҒЗИ» ЖШС), «Ұлттық биотехнология орталығы» (бұдан әрі – «ҰБО» ЖШС), «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» (бұдан әрі – «МРК» ЖШС), «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі – «АҚИҰҒО» ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 7-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС жарғыларын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС атынан құжаттарға қол қоюға, «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамдарды сайлауды;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 9-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен холдингтің жарғылық капиталына «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС, «OtarBioPharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестерін және «Биомедпрепарат» ғылыми-сараптамалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесін 88,72 (сексен сегіз бүтін жүзден жетпіс екі) пайыз мөлшерінде беруді қамтамасыз етсін.
11. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) осы қаулының 8-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
12. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
13. Осы қаулы «БҚПҒЗИ» ШЖҚ РМК, «ҰБО» ШЖҚ РМК, «МРК» ШЖҚ РМК, «АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК тиісінше «БҚПҒЗИ» ЖШС, «ҰБО» ЖШС, «МРК» ЖШС, «АҚИҰҒО» ЖШС етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 11-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысының 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-26-жолмен толықтырылсын:
«227-26. «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы»;
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 393-жол алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
8. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
«3. Aкцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:
«
40. |
Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру |
01490 |
41. |
Фармацевтикалық препараттарды өндіру |
21201 |
42. |
Ветеринарияға арналған дәрілік препараттарды өндіру |
21202 |
43. |
Медициналық техника мен ортопедиялық бұйымдар саудасынан басқа, фармацевтикалық тауарлардың көтерме саудасы |
46461 |
44. |
Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер |
72110 |
45. |
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер |
72199 |
46. |
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет |
86900 |
».
9. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 30, 31, 32-жолдармен толықтырылсын:
«30. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты.
31. Ұлттық биотехнология орталығы.
32. Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы.»;
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«17. «QazBioPharm» ұлттық холдингі».
10. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«4. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми және өндірістік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қызметін аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясымен және депозитарийлерiмен жүзеге асыратын объектілер мен ұйымдар.».
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 862 Қаулысымен (19.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысының 8-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 145-3, 145-6, 145-7, 145-8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
145-3. |
«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
145-6. |
«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
145-7. |
«Ұлттық биотехнология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
145-8. |
«Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
».
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 27, 30, 31, 32-жолдар алып тасталсын.
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен