Toggle Dropdown
1
Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 15 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 15.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде Жамбыл облысы «жасыл аймақта» орналасқан. Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне:
Toggle Dropdown
1) Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы барлық қаулыларының талаптарын орындау;
Toggle Dropdown
2) Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды осы қаулының қосымшаларына сәйкес өткізіледі;
Toggle Dropdown
3) 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау;
Toggle Dropdown
4) Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын осы қаулының 1, 2, 3-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) жүргізілсін;
Toggle Dropdown
5) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:
Toggle Dropdown
- жұмыс күндері - «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін;
Toggle Dropdown
- демалыс күндері - сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін рұқсат берілсін.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзге және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
Toggle Dropdown
6) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
7) «жасыл» аймақтағы «Ashyq» көшбасшыларына» қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
Toggle Dropdown
8) 2021 жылғы 24 қыркүйектегі ҚР БМСД №44 қаулысы және 2021 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР БМСД №55 каулысы 2-қосымшасына сэйкес "Ashyq" жобасына қатысушылар "Ashyq" жобасына енгізуге жэне қатысуға койылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз егсін, объектіде "Ashyq" қосымшасы бойынша сары/қызыл мәртебесі бар оқшаулауга жататын келуші анықталған кезде растаитын материалдарды ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта аркылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен факт туралы хабарлайды (сары/қызыл мэртебесінің скриншоты):
Toggle Dropdown
- Жамбыл облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алибаева Салтанат Кордабаевна, байланыс нөмірлері: ұялы тел.: +77771333088 (ватсап), жұмыс тел.: 8(7262)45-60-22, эл.пошта: s.alibaeva@dsm.gov.kz;
Toggle Dropdown
- Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сапахова Әсел Нұржановна, байланыс нөмірлері: ұялы тел.: +77017056345(ватсап), жұмыс тел.:8(7262)34-28-30, эл.пошта a.sapahova@dsm.gov.kz;
Toggle Dropdown
9) Санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күнделікті мониторинг жүргізу және мобильдік топтардың объектілерге тұрақты тексерулер жүргізу;
Toggle Dropdown
10) Қызметі рұқсат етілген объектілерде шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;
Toggle Dropdown
11) Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;
Toggle Dropdown
12) Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде көпшілік орындарында және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
Toggle Dropdown
13) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
Toggle Dropdown
14) check-in бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
2. Облыстық білім басқармасы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:
Toggle Dropdown
1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 Қаулысына негізінде оқулар жүргізілсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне:
Toggle Dropdown
1) 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай ауданындағы «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе», «Қордай», Жамбыл ауданындағы «Айша бибі», Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
4. Қордай, Жамбыл және Меркі аудандарының әкімдеріне:
Toggle Dropdown
1) ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
5. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:
Toggle Dropdown
1) Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
Toggle Dropdown
6. «Жамбыл облысы аумағында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 14 қыркүйектегі 2021 жылғы № 13 қаулының күші жойылды деп саналсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Б. Шиналиев
Toggle Dropdown
1
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 15 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Toggle Dropdown
|
№
|
Объектілер/салалар
****
|
Жасыл аймақ
|
|
1
|
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
|
|
Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)
|
+
тәулік бойы
|
|
Жазғы алаңдар
|
+
|
|
Фуд-корттар
|
✓
толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай
|
|
Банкет залдары* *
(ас беруді өткізу үшін)
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде
|
|
Банкет залдары**
(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
|
|
2
|
Сауналар, моншалар
|
+
|
|
3
|
СПА-орталықтар
|
+
|
|
4
|
Бассейндер
|
+
|
|
5
|
Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда
|
+
|
|
6
|
Мәдениет объектілері (дайындық)
|
✓
100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар
|
|
7
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
|
8
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
|
9
|
Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар
|
+
|
|
10
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
|
11
|
Бильярд
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
|
12
|
Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда
|
✓
60%-дан асырмай толтыру
|
|
13
|
Боулинг
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
|
14
|
Караоке
|
✓
50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде
|
|
15
|
Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)
|
жеңілдіксіз
|
|
16
|
Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
17
|
Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
18
|
Отельдер, қонақ үйлер
|
+
|
|
19
|
ХҚО***
|
+
|
|
20
|
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері
|
+
|
|
21
|
Базарлар (жабық)
|
+
|
|
22
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
+
|
|
23
|
Букмекерлік конторалар
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
24
|
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)
|
+
|
|
25
|
Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)
|
+
|
Toggle Dropdown
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
« ✓ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
Toggle Dropdown
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
Toggle Dropdown
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
*** - облыстық және республикалық маңьізы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.15.12. № 17 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара )
Toggle Dropdown
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 15 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
"Жасыл мәртебе" болған кезде "Ashyq"жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлері
Toggle Dropdown
|
№
|
Объектілер / салалар
|
Жасыл аймақ
|
|
1.
|
Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу
|
✓
50% - ға дейін толтырылған кезде, 100 орыннан артық емес
|
|
2.
|
Конференции, форумы, зрелищные, и иные мероприятия с массовым скоплением людей
|
✓
50% - ға дейін толтырылған кезде, 100 орыннан артық емес
|
|
3.
|
Көрмелер
|
✓
толтырылуы 70% артық емес, бірақ бір уакытта 500 келушіден артық емес
|
|
4.
|
Марафондар (ашық ауада)
|
✓
1000 адамнан артық емес
|
|
5.
|
Көрермендермен спорттық іс-шаралар
|
✓
80-% артық емес толтыру
|
|
6.
|
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)
|
50-% артық емес толтыру
|
|
7.
|
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық -қүдайға құлшылық ету)
|
✓
50-% артық емес толтыру
|
|
8.
|
Ойын клубтары
|
+
|
|
9.
|
Түнгі клубтар
|
✓
50% - ға дейін толтырылған кезде, 100 орыннан артық емес
|
|
10.
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
|
✓
80-% артық емес толтыру
|
|
11.
|
Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары
|
✓
80-% артық емес толтыру
|
|
12.
|
Цирктер
|
✓
80-% артық емес толтыру
|
|
13.
|
Мәдениет объектілері (дайындық)
|
+
|
Toggle Dropdown
«+» - қ ызметке рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
« ✓» - қызмет ішінара (шектеулермен)р ұ қсат етілген;
Toggle Dropdown
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 15 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Toggle Dropdown
|
№
|
Объектілер/салалар
|
Жасыл аймақ
|
|
1.
|
Өнеркәсіп
|
+
|
|
2.
|
Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)
|
+
|
|
3.
|
Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы
|
+
|
|
4.
|
Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.).
|
+
|
|
5.
|
Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.)
|
+
|
|
6.
|
Гүл дүкендері, фотосалондар
|
+
|
|
7.
|
Медициналық ұйымдар, дәріханалар
|
+
|
|
8.
|
Музейлер, кітапханалар
|
+
|
|
9.
|
Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары
|
+
|
|
10.
|
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)
|
+
|
|
11.
|
Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер
|
+
|
|
12.
|
Супермаркеттер, гипермаркеттер
|
+
|
|
13.
|
Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)
|
+
|
|
14.
|
Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)
|
+
|
|
15.
|
Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)
|
+
|
|
16.
|
Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).
|
+
|
|
17.
|
Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология
|
✓
алдын ала жазылу бойынша
|
|
18.
|
Қоғамдық көлік
|
✓
(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)
|
|
19.
|
Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері
|
+
|
|
20.
|
Мектепке дейінгі мекемелер
|
+
|
|
21.
|
Ұйымдар, кеңселер *(ескертуді қараңыз)
|
✓
30% - қашықтықтан, 70% - күндізгі режим
|
|
22.
|
Діни объектілер
|
✓
50%-дан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген жағдайда
|
|
23.
|
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)***
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
|
|
24.
|
Жазғы алаңдар***
|
✓
сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
|
|
25.
|
Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері***
|
+
(тәулік бойы)
|
|
26.
|
Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)
|
+
|
|
27.
|
Моншалар
|
+
|
|
28.
|
Сауналар
|
+
|
|
29.
|
СПА-орталықтар, бассейндер
|
+
|
|
30.
|
Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы
|
+
|
|
31.
|
Спорт кешендері, йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар,
|
+
|
|
32.
|
СОО, сауда үйлері
|
+
|
|
33.
|
Мәдениет объектілері (дайындық)
|
✓
50 адамға дейін
|
|
34.
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес
|
|
35.
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
✓
толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес
|
|
36.
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
✓
толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес
|
|
37.
|
Бильярд
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес
|
|
38.
|
Компьютер клубтары
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес
|
|
39.
|
Боулинг
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес
|
|
40.
|
Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес
|
|
41.
|
Ашық ауадағы аттракциондар
|
+
|
|
42.
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
+
|
|
43.
|
Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу
|
✓
толтырылуы 20%-дан артық емес
|
|
44.
|
Ас беру
|
✓
толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес
|
|
45.
|
Банкет залдары** (ескертуді қараңыз)***
|
✓
30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру
|
|
46.
|
Түнгі және ойын клубтары
|
-
|
|
47.
|
Караоке
|
-
|
|
48.
|
Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар
|
-
|
|
49.
|
Көрмелер
|
-
|
|
50.
|
Лотерея клубтары, букмекерлік конторалар
|
-
|
|
51.
|
Мерекелік корпоративтер
|
-
|
Toggle Dropdown
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
« ✓ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
Toggle Dropdown
«-» - қызметке тыйым салынған.
Toggle Dropdown
* - Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Toggle Dropdown
** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
*** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);