Toggle Dropdown
1
Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25789 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi № 545 қаулысының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
Toggle Dropdown
1. Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1536 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет, білім және ғылым, қаржы, қорғаныс, мәдениет және спорт, ішкі істер вице-министрлеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі __________М. Бектанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі __________А. Аймагамбетов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі __________Е. Тургумбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________Е. Жамаубаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі __________А. Раимкулова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы __________Н. АХМЕТЗАКИРОВ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы __________Б. Асылов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. __________Н. Пан
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 851,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 574,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 15 қарашадағы
№ 702,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 1182,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 363,
Департамент басшысы
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 30,
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін атқарушы
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 155 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің м.а.
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 950
Бірлескен бұйрыққа қосымша
Toggle Dropdown
Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) апостиль қою тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба;
Toggle Dropdown
2) апостиль қоятын адамдар – уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды адамдары;
Toggle Dropdown
3) «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Е-Апостиль АЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай архивін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
4) «жұлдызша» - құжат парақтары бекітілген жерге жабыстырылатын және оған апостиль қойған мемлекеттік органның елтаңбалы мөрі қойылатын тығыз қағаз;
Toggle Dropdown
5) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
Toggle Dropdown
6) құжаттарды тіркеу кітабы - қағаз тасығышта ұсынылған апостиль қойылған құжаттарды тіркеу;
Toggle Dropdown
7) «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі – (бұдан әрі – ҚБЭА АЖ) бұл құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесі;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті мемлекеттік органдар – «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысын орындау үшін апостиль қоятын мемлекеттік органдар;
Toggle Dropdown
9) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Toggle Dropdown
10) электрондық тіркелім - апостиль қойылған құжаттардың электрондық тізбесі;
Toggle Dropdown
11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
12) «Электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
Toggle Dropdown
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Toggle Dropdown
3. Апостиль қоюға жататын ресми құжаттар ретінде «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 1-бабына сәйкес құжаттар қабылданады.
Toggle Dropdown
4. Апостиль:
Toggle Dropdown
1) шет елде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға;
Toggle Dropdown
2) коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысы бар әкімшілік құжаттарға қойылмайды.
Toggle Dropdown
5. Апостиль «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулыға (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес жасалған шаршы клише - мөртаңба нысанында болады.
Toggle Dropdown
6. Апостиль мөртаңбасы нысанынан тыс, төменде «Осы апостиль тек қол қойған адамның қолының, лауазымының/атағының түпнұсқалылығын және құжатқа қойылған мөр мен мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады және ол қойылған құжаттың мазмұнын растамайды» деген мәтін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер аумағында жасалған, Конвенция талаптарына сәйкес апостиль қойылған ресми құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында қосымша заңдастырусыз танылады.
Toggle Dropdown
8. Қаулыға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің аумақтық органдарына ресми құжаттарға апостиль қою өкілетін беруге құқығы бар.
Toggle Dropdown
Мөртаңбадағы бағандар мемлекеттік тілде ғана толтырылады.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті мемлекеттік органдарда өздерінің ведомстволық бағынысты органдарының лауазымды адамдарының және апостиль қоюға ресми құжаттар келіп түсетін басқа да адамдардың қолдарының үлгілері сақталады.
Toggle Dropdown
10. Апостильдi қою үшiн ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердiң бедерi анық болуға тиiс.
Toggle Dropdown
11. Ресми құжаттарға апостиль қою саласында мемлекеттік қызметтер көрсету «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2- тарау. Қағаз түрінде апостиль қою тәртібі мен шарттары
Toggle Dropdown
12. Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияның қатысушысы ретiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан (мекемелерiнен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттiк органдары (мекемелерi), лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттар қабылданбайды.
Toggle Dropdown
13. Апостиль құжаттың мәтiннен бос орнында не оның арғы бетiнде қойылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органның елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi. Көлемі бір парақтан асатын құжатта парақтар тігілуі, баумен байлануы және мөрмен бекітілуі тиіс.
Toggle Dropdown
14. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылады.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен (не арнайы жiңiшке баумен, лентамен) бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі.
Toggle Dropdown
Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлген жерде елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiркелкі орналасуға тиiс.
Toggle Dropdown
Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Апостиль қойылған парақ көрсетiлген әдiспен және құжаттың мұқабасы қатты болған жағдайда да құжатқа тiгiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
15. Апостильдегі мәтін теріледі немесе қолмен анық жазылады, өшірулерге жол берілмейді. Апостильдiң мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Апостильдiң мөртаңбасын ксерокөшiрме әдiсiмен немесе куәландырылатын құжаттарға тiгу үшiн өзге де жолмен апостильдi парақтан дайындауға жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Апостиль нақ мөртаңбаның бедерi ретiнде қойылады. Апостильдің мөртаңбасы компьютерлік тәсілмен орындалуы мүмкін.
Toggle Dropdown
16. Егер құжатқа бiрнеше адам қол қойса, апостильде жоғары тұратын лауазымды адамның қолы куәландырылады.
Toggle Dropdown
17. Құжатта лауазымды адамның қолы мен оның тегi көзделмеген, ал құжат мемлекеттiк органнан (мекемеден) шыққан жағдайларда апостиль мөртаңбасының 2-шi жолында «қолы көзделмеген» деп көрсетiледi, ал 3 және 4-шi жолдарда құжат шығатын органның атауы жазылады.
Toggle Dropdown
18. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды тіркеу кітабында (бұдан әрі-Кітап) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
19. Кітап тігіледі, оның парақтары нөмірленеді және апостиль қоятын адамның қолымен және осы Кітап жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
20. Кітапқа жазу мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылғаннан және құжатқа апостиль қойылғаннан кейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
21. Кітапта өшіруге жол берілмейді, ал түзетулер апостиль қоятын, Кітапты жүргізуге жауапты адамның қолы қойылып ескертілуі тиіс.
Toggle Dropdown
3- тарау. Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары
Toggle Dropdown
22. Электрондық форматтағы апостиль берілген Portable Document Format (PDF) файылы түрінде уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны ауыстыратын адамның ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге қойылады.
Toggle Dropdown
23. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат электрондық түрде немесе құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).
Toggle Dropdown
24. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат қағаз жеткізгіштегі құжатты сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуге тиіс (мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді).
Toggle Dropdown
25. Лауазымды тұлға апостиль қоюға жататын электрондық құжатта Е-Апостиль АЖ немесе ҚБЭА АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және ЭҮШ арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібереді.
Toggle Dropdown
26. Электрондық апостиль портал арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш беру кезінде берген қорғаныс кодын қолдана отырып, жүктеп алу жолымен береді.
Toggle Dropdown
27. Электрондық апостиль мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парағының мекен-жайы (веб параққа сілтеме) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
28. Электрондық тіркелім қағаз, сондай-ақ электрондық форматта берілген барлық апостильдердің архивін қарастырады.
Toggle Dropdown
29. Апостиль электрондық форматта қойылатын құжаттар бойынша тіркеу құжаттардың электрондық тіркелімінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1
Апостиль қоюдың
бірыңғай қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Құжаттарды тіркеу кітабы
Toggle Dropdown
№
|
Апостильді қою мерзімі
|
Апостильді қойдыруға жүгінген адамның тегі, аты мен әкесінің аты (егер бар болса), түрғылықты мекен-жайы
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және органы
|
Апостильді қойдыру үшін ұсынылған құжаттың атауы мен мазмұны, нөмірі, берілген күні және органы
|
Құжатқа қол қойған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), ал қол қойылмаған құжаттарға қатысты – мөрді немесе мөртаңбаны қойған органды көрсету
|
Құжат жіберілетін ел
|
Апостильді қойдыруға жүгінген адамның құжатты алуда қойылған қолы не дайын құжаттың берілуін растайтын құжат
|
Апостильді қойған адамның тегі, аты,әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Toggle Dropdown
1
Апостиль қоюдың
бірыңғай қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Құжаттардың электрондық тіркелімі
Toggle Dropdown
№
|
Апостильді қою мерзімі
|
Апостильді қойдыруға жүгінген адамның тегі, аты мен әкесінің аты (егер бар болса), түрғылықты мекен-жайы
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және органы
|
Апостильді қойдыру үшін ұсынылған құжаттың атауы мен мазмұны, нөмірі, берілген күні және органы
|
Құжатқа қол қойған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), ал қол қойылмаған құжаттарға қатысты – мөрді немесе мөртаңбаны қойған органды көрсету
|
Құжат жіберілетін ел
|
Апостильді қойған адамның тегі, аты,әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|