1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 88-VII
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2026 жылғы № 330-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 31.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
467-баптың 1-1-бөлігіндегі «2022» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақпен толықтырылсын:
«40-1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның жиналған нақты деректерге негізделген, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және айыптау актісін жасау және істі сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберу туралы қысқа тұжырымдары;»;
54) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54) хаттама – қылмыстық процесті жүргізетін орган жасайтын процестік әрекет тіркелетін процестік құжат, ал осы Кодекстің баптарында тікелей көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімі;»;
2) 45-баптың жетінші бөлігі 7) тармағындағы «болмаған жағдайларда үзіледі.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақтармен толықтырылсын:
«8) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен;
9) қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған жағдайларда үзіледі.»;
3) 52-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыпталушының өтінішхаты бойынша істерді қарауды бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырылады.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.»;
4) 58-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ мемлекет атынан қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорлары және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады.»;
төртінші бөлік:
«өкілеттіктері» деген сөзден кейін «158 (сегізінші бөлікте), 165 (сегізінші бөлікте),» деген сөздермен толықтырылсын;
«192,» деген цифрлардан кейін «192-2 (алтыншы және жетінші бөліктерде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«196 (екінші бөлікте),» деген сөздерден кейін «202, 203,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«302,» деген цифрлардан кейін «302-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 59-бапта:
екінші бөліктің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тергеу бөлiмi бастығының iс бойынша нұсқаулары тергеушiнiң осы Кодекстiң 60-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының әрекеттерiне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
6) 60-баптың үшінші бөлігіндегі «айыптау актісін» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 62-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Анықтау органының бастығы мүлiкке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз етедi.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.»;
8) 63-бапта:
үшінші бөліктегі «191-баптарында» деген сөздер «191, 192-1 және 192-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «істі айыптау актісімен бірге» деген сөздер «қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 64-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
«1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;»;
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық теріс қылық немесе осы Кодекстің 191-бабының екінші – 11-1-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.»;
10) 65-бапта:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор айыптау актісін жасаған;
2) прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;»;
бесінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |