Toggle Dropdown
5
Алматы қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 725 Жарлығы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 01 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Алматы қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Алматы қаласында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.
Toggle Dropdown
3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Алматы қаласының комендатурасы құрылып, оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.
Toggle Dropdown
Алматы қаласының коменданты болып Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Даниярұлы Таймерденов тағайындалсын.
Toggle Dropdown
4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
Toggle Dropdown
2) Алматы қаласында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;
Toggle Dropdown
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;
Toggle Dropdown
4) Алматы қаласына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;
Toggle Dropdown
5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
Toggle Dropdown
6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
Toggle Dropdown
7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленсін;
Toggle Dropdown
8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.
Toggle Dropdown
5. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Алматы қаласының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.
Toggle Dropdown
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев