БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26241 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
«1. Осы Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.»;
«15. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті мыналарды:
1) сауда күндері мен негізгі сауда сессияларын өткізу графигін және кезеңділігін;
2) сауда құралдарын;
3) электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді қамтамасыз ету мөлшерлерін;
4) сатуға және сатып алуға өтінімдердің ең көп мөлшерін;
5) ай сайын сұйытылған мұнай газы базалық бағасының максималды мәнін бекітеді.
Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Сатушылар ай сайын сауда сессиялары басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сауда-саттықты ұйымдастырушыны ағымдағы айда тиісті электрондық сауда алаңы арқылы өткізуге қоюды жоспарлап отырған сұйытылған мұнай газының көлемі туралы хабардар етеді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы ағымдағы айда тиісті электрондық сауда алаңы арқылы өткізудің жоспарланатын көлемдері туралы жинақталған ақпаратты сауда сессиялары басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.»;
«25. Сауда-саттықты ұйымдастырушы жоспарланатын айдың алдындағы айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 5 (бес) негізгі сауда сессиясын өткізеді, олардың әрқайсысында сатушылар жоспарланатын ай ішінде нақты тиеп-жөнелте отырып, электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газы көлемінің 20 (жиырма) пайызынан қояды.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген күні өндіруші өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері арасында жеткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлмеген жағдайда, мұндай меншік иелері алғашқы негізгі 4 (төрт) сауда-саттық сессияларының әрқайсысында өздері бөлуге жоспарлаған сұйытылған мұнай газы көлемінің 20 (жиырма) пайызынан сауда-саттыққа шығарады.
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тұлғалар үшін 5 (бесінші) негізгі сауда сессиясы меншік иелері арасында сұйытылған мұнай газын бөлу бекітілген күннен кейінгі 1 (бірінші) жұмыс күні жеке өткізіледі, бұл ретте осындай тұлғалардың өнім беру жоспарын орындауы үшін қажетті сұйытылған мұнай газының барлық көлемі сауда-саттыққа шығарылады.»;
«30. Егер тиісті сатушының электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуі міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі 180 (бір жүз сексен) тоннадан аз болса, онда мұндай сатушы бірінші сауда сессиясынан бастап көлемнің 20 (жиырма) пайызынан астамын сатуға қояды.
Егер өткен сауда сессияларында сұйытылған мұнай газының көлемі сатуға қойылып, бірақ сатылмаған жағдайда, мұндай көлем кейінгі сауда сессияларында қосымша қойылады.
31. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының (көлемінің) ең төменгі мөлшері 1 (бір) лотты құрайды.
Сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен жеткізуді көздейтін сауда құралдары бойынша лоттың мөлшері 36 (отыз алты) тоннадан 40 (қырық) тоннаға дейінгі 1 (бір) вагонды, автомобиль көлігімен 5 (бес) тоннаны құрайды.»;
«33. Сатып алушы электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының (көлемінің) ең жоғары мөлшері жоспарланып отырған айға арналған өнім беру жоспарына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге жататын сұйытылған мұнай газы көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды, ал сұйытылған мұнай газы көлемінің кемінде 80 (сексен) пайызы автомобиль көлігімен әкетілетін беру базисінің сауда құралдары бойынша – 5 (бес) пайыздан аспайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұйытылған мұнай газының көлемін сауда-саттықты ұйымдастырушы бүкіл электрондық сауда алаңдарында ағымдағы күнтізбелік айдың ішінде осындай сатып алушының сұйытылған мұнай газын сатып алуының нақты көлемдерін ескере отырып, әрбір сатып алушы үшін белгілейді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатып алушылардың сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемдері туралы деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы алады.
34. Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысу үшін электрондық сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйымның шотына ақшалай кепілдік қамтамасыз етуді енгізеді.
Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдікті қамтамасыз ету мөлшерін сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті белгілейді.
Кепілдік қамтамасыз етуді енгізу, ұстап қалу және қайтару тәртібін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе клирингтік ұйым айқындайды.»;
«36. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті сауда сессиясы ішінде қалыптастырылатын сұйытылған мұнай газы бағасының базалық бағадан жол берілетін ауытқуының 3 (үш) пайыздан 5 (бес) пайызға дейінгі диапазон шегінде ең төменгі және ең жоғары деңгейін белгілейді.
Бұл ретте сауда сессиясының базалық бағасы мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) алғашқы электрондық сауда-саттықтарда сұйытылған мұнай газының соңғы сауда айында тиісті беру базисінің барлық сауда құралдары бойынша қалыптасқан орташа өлшемді бағасы деңгейінде жаңадан бекітілген сауда құралы бойынша;
2) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша мәмілелердің кемінде 75 (жетпіс бес) пайызы жасалған болса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасының деңгейінде белгіленеді;
3) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша 75 (жетпіс бес) пайыздан кем, бірақ 25 (жиырма бес) пайыздан астам мәмілелер жасалған болса және бұл ретте сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасы деңгейінде немесе одан жоғары қалыптасса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға өзгермейді;
4) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша 75 (жетпіс бес) пайыздан кем, бірақ 25 (жиырма бес) пайыздан астам мәмілелер жасалған болса және бұл ретте сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасынан төмен қалыптасса, онда келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;
5) егер сауда құралы бойынша негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша мәмілелер 25 (жиырма бес) пайыздан кем жасалған болса не мәмілелер жасалмаса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға 5 (бес) пайызға, бірақ Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының ағымдағы шекті бағасының деңгейінен төмен емес азайтылады;
6) егер сауда құралы бойынша күнтізбелік 30 (отыз) және одан көп күн ішінде мәмілелер жүргізілмесе, базалық баға сауда-саттықты ұйымдастырушының барлық сауда құралдары бойынша тиісті беру базисімен алдыңғы сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасының деңгейінде белгіленеді.
Сұйытылған мұнай газының базалық бағасы қазақстандық сұйытылған мұнай газын импорттаушы елдерге темір жол көлігімен тасымалдауға арналған шығыстардың орташа арифметикалық мәнін шегере отырып, осындай елдерде өткен күнтізбелік айдағы сұйытылған мұнай газына баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнінен аспайды.
Осы тармақтың тоғызыншы абзацында көрсетілген мән Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері тізбесінің негізінде анықталады және оны уәкілетті органның ұсынымдары негізінде cауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті ай сайын бекітеді.
Сұйытылған мұнай газының базалық бағасы сұйытылған мұнай газын теміржол цистерналарына және (немесе) автогаз тасушыларға құю объектілерінде белгіленеді.
36-1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушының сұрауы бойынша қосымша сауда сессияларын мына жағдайларда өткізеді:
1) газ желісі ұйымының немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты сатушыда Қазақстан Республикасының ішкі нарығында электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;
2) сатып алушының электрондық сауда алаңы арқылы сатып алған сұйытылған мұнай газына төлем жасаудан бас тартуына байланысты сатушыда электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;
3) сатушыда негізгі сауда сессияларында қойылған, бірақ электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының өткізілмеген көлемі болған жағдайда;
4) сатушы өнім беру жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге қоюға ниет білдірген жағдайда.
36-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген жағдайларда өнім беру жоспары қалыптастырылған айдың 10 (оныншы) күнінен бастап қатарынан 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұйытылған мұнай газының барлық сатушылары үшін бірыңғай қосымша 3 (үш) сауда сессиясы өткізіледі, оларға әрбір сатушы бірінші қосымша сауда сессиясынан бастап өзінің өнім беру жоспарын орындауы үшін қажетті сұйытылған мұнай газының барлық көлемін шығарады. Бұл ретте жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы айқындалады, ал әрбір қосымша сауда сессиясына базалық баға осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген тәртіппен белгіленеді.»;
«37. Сауда-саттық нәтижелері тараптарды және жасалған мәмілелердің көлемдерін көрсете отырып, сауда күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей сауда-саттықты ұйымдастырушының меншікті интернет-ресурсында жарияланады және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жүктеледі.»;
«3. Электрондық сауда алаңының бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылады:
1) электрондық сауда алаңы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялануы тиіс және Оқиғалар журналында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ электрондық сауда алаңының уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мәмілелердің паспорттарын осы жүйеге күнделікті жіберіп отыруы тиіс;
2) электрондық сауда алаңы мәмiлелердi жасау процесiн автоматтандыруды, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жария етудi қамтамасыз етедi;
3) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуын болдырмау және деректер базасының бүтіндігі бұзылмауы үшін электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы пайдаланушыға іс-әрекеттер реті көрсетілген хабарлама бере отырып, пайдаланушының қателерін, техникалық ақаулар кезінде туындайтын қателерді және деректер базасының қателерін өңдеу қамтамасыз етілетіндей құрылады;
4) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралында бағдарламалар жұмысын қадағалайтын модуль болады, ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), аутентификациялау (шынайылығын растау) және авторизациялау (өкілеттіктер беру);
электрондық сауда алаңының ресурстарына қолжетімділікті бақылау; электрондық сауда алаңында болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау;
электрондық сауда алаңы ресурстарының бүтіндігін бақылау;
5) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы сауда-саттық нәтижесі бойынша қалыптастырылған шығыс деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді;
6) электрондық сауда алаңы оқиғалар журналындағы орындалып жатқан операцияларға автоматты түрде берілетін бірегей нөмердің жүргізілуін қамтамасыз етеді;
7) электрондық сауда алаңы өткізілген электрондық сауда-саттық бойынша есеп деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
8) электрондық сауда алаңы уәкілетті органға:
сауда-саттық барысын, өтінімдерді ұсынуды және мәмілелер жасауды қадағалауды қамтамасыз ететін қарау терминалы арқылы нақты уақыт режимінде сауда-саттық мониторингіне;
өндірушілер мен жеткізу өңірлері бөлінісінде бастапқы өңдеуден және жүйелендіруден өткен сауда-саттық нәтижелері бойынша (оның ішінде графикалық түрде) – сауда күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
9) электрондық сауда алаңы осы Қағидаларға сәйкес берілген сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін дереу орналастыруды қамтамасыз етеді.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |