• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 979 қаулысы

Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2022 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикаторлар:
1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2023 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;
2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2023 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.»;
7-тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген ЖКС жобалары қаржыландырылмайды;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік берілуге тиіс. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.
Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады.
Қаржылық лизинг бойынша ЖКС лизинг нысанасы құнының кемінде 20 %-ы мөлшерінде меншікті қаражатымен (ақшасымен) қатысуды қамтамасыз етеді.
Қаржылық лизинг бойынша жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдауға жол беріледі.
Бұл ретте ҚДБ-нің орта және ірі бизнестің жобаларына мынадай шарттарда кепілдік беруіне жол беріледі:
қарыз алушының бір кредиті шеңберіндегі кепілдік мөлшері – 3,5 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін;
ҚДБ кепілдігі бойынша комиссия мөлшері 3,5 %-дан аспайды;
кепілдік мерзімі 10 жылдан аспайды.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ олардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ олардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. »;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.12.2021 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин