1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 96-VII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 124-1-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-2-баппен толықтырылсын:
«32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.».
3. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-1) және 2) тармақшалардағы «заңды тұлға» деген сөздер «кәсіпкерлік субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) биржалық қамтамасыз ету – биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасына немесе тауар биржасының клирингтік орталығына жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылым;
3) биржалық сауда – тауар биржасында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес электрондық нысанда биржалық сауда-саттық өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5), 6), 7), 10) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) биржалық сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
6) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
7) биржалық тауар – осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген стандартталған немесе стандартталмаған тауар;»;
«10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;»;
«11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал стандартталған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»;
мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
«11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;»;
14-1) тармақшадағы «брокерлердің» деген сөз «тауар биржаларының, брокерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;»;
16-1) және 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) стандартталған тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген біртекті тауар және (немесе) бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келетін, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, түрлі өндірушілерден шыққан партиялар бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие тауар, оның ішінде көміртегі бірліктері;
16-2) стандартталмаған тауар – стандартталған тауарларды, көміртегі бірлігін, жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген тауар;»;
мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын:
«16-3) стандартты аукцион режимі – биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) – аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;»;
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақшадағы «тауар биржасына» деген сөздер «тауар биржасында биржалық саудаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-3), 10-4) және 10-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілейді;
10-4) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
3) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |