Өнеркәсіптік саясат туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заң № 86-VII от 2021-12-27г./Қазақстан Республикасының Парламенті
Өнеркәсіптік саясат туралы
Өнеркәсіптік саясат туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы;
2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;
3) Индустрия 4.0 – нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ технологиялардың өзара және адамдар арасында іс-қимыл жасауы жүзеге асырылатын, физикалық объектілердің, процестер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірістің ұйымдастырылуы;
4) инновация – қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған, бәсекелік артықшылық алуды қамтамасыз ететін, инновациялық қызметтің пайдалануға берілген түпкілікті нәтижесі;
5) инновациялық қызмет – инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) қарсы міндеттемелер – осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің өзара міндеттемелері;
8) нарық сыйымдылығы – ішкі нарықтың, өнеркәсіптік өнім өндірісінің, импорты мен экспортының барынша мүмкін болатын көлемін айқындайтын сандық көрсеткіш;
9) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;
10) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
11) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
12) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;
13) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;
14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
15) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап) 15-тармақша өзгертілді ҚР 23.01.2024 жылғы № 54-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
17) өнеркәсіптік саясат – мемлекет жүзеге асыратын және өнеркәсіпті ынталандыру мен дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
18) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
19) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;
21) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы – кәсіпорынның бизнес-моделінің елеулі өзгерістеріне алып келетін кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу;
22) өңдеу өнеркәсібі – жаңа өнім (тауар, оның ішінде азық-түлік тауарлары) үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы;
23) технологиялар трансферті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
24) шикізаттық емес экспорт – өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің экспорты.
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері
1. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен кету арқылы өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мыналар өнеркәсіптік саясаттың міндеттері болып табылады:
1) экономиканың өнеркәсіптік секторын орнықты дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу арқылы ел халқының әл-ауқатын арттыру;
2) өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және дамыту;
3) инновацияларды тиімді енгізуді және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;
4) еңбек өнімділігін арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде қайта өңдеуді тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық қайта жарақтандыру арқылы арттыру;
5) елде қолайлы индустриялық ахуал жасау және ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін арттыру;
6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және қосылған құны жоғары отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру;
7) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті қысқарту.
4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары
Өнеркәсіптік саясат мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, оның ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жоғары деңгейде өңдеп жасау тауарларын өндіру, инновацияларды дамыту және өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы үшін жағдайлар жасауға бағытталуын қамтамасыз ету арқылы арттыру;
2) мемлекеттің өнеркәсіптік, инновациялық, инвестициялық, экспорттық, сауда, ғылыми-технологиялық, білім беру, салық, бюджет, ақша-кредит саясаттарының біртұтастығын қамтамасыз ететін экономикалық негізделген шешімдерді және олар үшін қоғам алдында жауаптылықты қабылдауы;
3) өнеркәсіптік саясаттың мазмұнына және жұмыс істеу жағдайлары, құрылымы мен даму әлеуеті әртүрлі салалар мен өңірлерде оны іске асыру құралдарын таңдауға қатысты жеке көзқарасты қамтамасыз ету арқылы адал бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттілігі және жекелеген салалар, субъектілер жай-күйінің ерекшелігін көрсететін қажетті және жеткілікті құралдарды қамтамасыз ету кезінде оларға тең қол жеткізу;
5) әртүрлі деңгейдегі іс-қимылдар мен басқару тетіктерінің ұйымдық бірлігін көздейтін, өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен