Toggle Dropdown
13
«Ashyq» жобасын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1
1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
Toggle Dropdown
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
Toggle Dropdown
2) спа-орталықтары;
Toggle Dropdown
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
Toggle Dropdown
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
Toggle Dropdown
5) боулинг клубтары;
Toggle Dropdown
6) кинотеатрлар;
Toggle Dropdown
7) театрлар мен филармониялар;
Toggle Dropdown
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
Toggle Dropdown
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
Toggle Dropdown
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
Toggle Dropdown
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
Toggle Dropdown
12) бильярд клубтары;
Toggle Dropdown
13) концерт залдары;
Toggle Dropdown
14) ерікті қатысушылар;
Toggle Dropdown
15) караоке;
Toggle Dropdown
16) көрмелер;
Toggle Dropdown
17) океанариум;
Toggle Dropdown
18) марафондар;
Toggle Dropdown
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
Toggle Dropdown
20) әуежайлар;
Toggle Dropdown
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
Toggle Dropdown
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
Toggle Dropdown
23) цирктер;
Toggle Dropdown
24) отельдер, қонақ үйлер;
Toggle Dropdown
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
Toggle Dropdown
26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
Toggle Dropdown
27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;
Toggle Dropdown
28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;
Toggle Dropdown
29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
Toggle Dropdown
30) букмекерлік конторалар;
Toggle Dropdown
31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
Toggle Dropdown
32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));
Toggle Dropdown
33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
Toggle Dropdown
34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
Toggle Dropdown
35) діни объектілер;
Toggle Dropdown
36) ойын клубтары (казино);
Toggle Dropdown
37) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
Toggle Dropdown
38) түнгі клубтар;
Toggle Dropdown
39) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
Toggle Dropdown
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары;
Toggle Dropdown
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
Toggle Dropdown
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы мәліметтерді алу (жүктеп алу) мақсатында «Ashyq» платформасына кіруге қолжетімдігін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
Toggle Dropdown
3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;
Toggle Dropdown
4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
Toggle Dropdown
5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
Toggle Dropdown
6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді;
Toggle Dropdown
7) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
Toggle Dropdown
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;
Toggle Dropdown
9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, eGov mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып кіруін;
Toggle Dropdown
10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
Toggle Dropdown
11) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
12) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін:
Toggle Dropdown
- «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін;
Toggle Dropdown
- «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 03.00-ге дейін;
Toggle Dropdown
- «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көзделген қауіпсіз «жасыл» мәртебе болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
Toggle Dropdown
13) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс және демалыс күндері қызметті жұмыс режимі бойынша шектеусіз жүзеге асыруын;
Toggle Dropdown
14) ВАК-тың шешімінің негізінде «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды;
Toggle Dropdown
15) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
Toggle Dropdown
16) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
Toggle Dropdown
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
Toggle Dropdown
3) осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды;
Toggle Dropdown
4) ВАК шешімінің негізінде шектеу шараларын енгізу жағдайларын қоспағанда, «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
Toggle Dropdown
3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулы 2022 жылғы 14 қаңтарда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
Toggle Dropdown
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен біріктірілген басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті):
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
Toggle Dropdown
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
Toggle Dropdown
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет;
Toggle Dropdown
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:
Toggle Dropdown
- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
Toggle Dropdown
- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;
Toggle Dropdown
5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі өзінің Ashyq жобасының қатысушыларына (осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) немесе ерікті қатысушыларға жататыны туралы хабарлама алады.
Toggle Dropdown
3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.
Toggle Dropdown
4. QR-кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.
Toggle Dropdown
6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында орналастырылады.
Toggle Dropdown
7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:
Toggle Dropdown
1) қызметкерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдай отырып, дұрыс деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.
Toggle Dropdown
9. Кәсіпкер ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың болуын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
Toggle Dropdown
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
Toggle Dropdown
2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.
Toggle Dropdown
3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
- «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ;
Toggle Dropdown
- «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, базада COVID-19 жұқтырған немесе COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ;
Toggle Dropdown
- «сары» мәртебе: «байланыста болған» - деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;
Toggle Dropdown
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.
Toggle Dropdown
4. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталмаған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауысады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
5. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
Toggle Dropdown
6. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Toggle Dropdown
7. «Сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.
Toggle Dropdown
8. COVID-19-ға ПТР-тестілеу теріс нәтижелері бар адамдарда (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) «сары» мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Toggle Dropdown
9. Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде «жасыл» мәртебе сақталады.
Toggle Dropdown
Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.
Toggle Dropdown
10. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен кәсіпкерлік объектісінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
Toggle Dropdown
11. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
12. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
Toggle Dropdown
13. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
14. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.
Toggle Dropdown
16. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін анықтайды.
Toggle Dropdown
17. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың оқшаулау режимін бұзу бөлігіндегі талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шараларды қолданады.
Toggle Dropdown
18. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
Toggle Dropdown
19. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануы жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Toggle Dropdown
21. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі
Toggle Dropdown
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі - ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан шығарады:
Toggle Dropdown
1) мониторингтік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін келушіні тіркеуді жүргізген жағдайда;
Toggle Dropdown
3) объектінің 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша ВАК белгілеген ең аз check-in санын жүргізбеу фактісінің анықталуы;
Toggle Dropdown
4) карантин режимін бұзу материалдары бойынша анықталған рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
Toggle Dropdown
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ЖАО:
Toggle Dropdown
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге шығарады;
Toggle Dropdown
- қайта бұзу қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге шығарады;
Toggle Dropdown
- үшінші рет бұзу кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге шығарады.
Toggle Dropdown
3. ЖАО жосықсыз қатысушылардың ресми тізімін InfoКazakhstan.kz. электрондық платформасына QR-кодты өшіру үшін жібереді.
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Toggle Dropdown
|
р/с №
|
Объектілер/салалар****
|
Жасыл аймақ
|
Сары аймақ
|
Қызыл аймақ
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1.
|
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай
|
|
Алкогольдік сусындарды сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)
|
+
(тәулік бойы)
|
+
(тәулік бойы)
|
+
(тәулік бойы)
|
|
Жазғы алаңдар
|
+
|
+
|
+
|
|
Банкет залдары**
(ас беруді өткізу үшін)
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м. қамтамасыз етілген, 50%-дан асырмай толтырылған кезде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 30%-дан асырмай толтырылған кезде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 30%-дан асырмай толтырылған кезде
|
|
Банкет залдары**
(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай
|
✓
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай
|
|
2.
|
СПА-орталықтар
|
+
|
+
|
+
|
|
3.
|
Мәдениет объектілері (репетиция)
|
✓
100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар
|
✓
50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар
|
✓
30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар
|
|
4.
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
✓
40%-дан асырмай толтыру
|
✓
30%-дан асырмай толтыру
|
|
5.
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
✓
75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде
|
✓
75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде
|
|
6.
|
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
|
7.
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
✓
75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде
|
✓
75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде
|
|
8.
|
Бильярд
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
✓
50%-дан артық емес толтырылған кезде
|
✓
30%-дан артық емес толтырылған кезде
|
|
9.
|
Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда
|
✓
60%-дан асырмай толтыру
|
✓
50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі
|
✓
30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі
|
|
10.
|
Боулинг
|
✓
50%-дан асырмай толтыру
|
✓
50%-дан артық емес толтырылған кезде
|
✓
30%-дан артық емес толтырылған кезде
|
|
11.
|
Океанариум
|
✓
Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)
|
✓
Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)
|
✓
Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)
|
|
12.
|
Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)
|
жеңілдіксіз
|
жеңілдіксіз
|
жеңілдіксіз
|
|
13.
|
Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
14.
|
Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
15.
|
Цирктер
|
✓
50%-дан артық емес толтырылған кезде
|
✓
40%-дан артық емес толтырылған кезде
|
✓
30%-дан артық емес толтырылған кезде
|
|
16.
|
Отельдер, қонақ үйлер
|
+
|
+
|
+
|
|
17.
|
Әуежайлар
|
+
|
+
|
+
|
|
18.
|
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері
|
+
|
+
|
+
|
|
19.
|
ХҚКО***
|
+
|
+
|
+
|
|
20.
|
Сауда алаңы 100 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
+
|
+
|
|
21.
|
Базарлар (жабық)
|
+
|
+
|
+
|
|
22.
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
+
|
+
|
✓
50%-дан артық емес толтырылған кезде
|
|
23.
|
Букмекерлік конторалар
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
✓
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
|
24.
|
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)
|
+
|
+
|
✓
алдын ала жазылу бойынша
|
|
25.
|
Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)
|
+
|
+
|
+
|
|
26.
|
Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері
|
+
|
+
|
+
|
Toggle Dropdown
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
« ✓ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
Toggle Dropdown
«-» - қызметіне тыйым салынған;
Toggle Dropdown
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
Toggle Dropdown
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;
Toggle Dropdown
*** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі;
Toggle Dropdown
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
Toggle Dropdown
|
р/с №
|
Объектілер/салалар**
|
Жасыл аймақ
|
Сары аймақ
|
Қызыл аймақ
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1.
|
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде
|
|
2.
|
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде
|
|
3.
|
Көрмелер
|
✓
толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 500 келушіден асырмай
|
✓
толтырылуын 70%- дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай
|
✓
толтырылуын 70%- дан асырмаған жағдайда, бір мезетте 200 келушіден асырмай
|
|
4.
|
Марафондар (ашық ауада)
|
✓
1000 адамнан асырмай
|
✓
800 адамнан асырмай
|
✓
500 адамнан асырмай
|
|
5.
|
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар
|
✓
толтырылуын 80%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 70%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
|
6.
|
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)
|
✓
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 30%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 20%-дан асырмай
|
|
7.
|
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)
|
✓
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 30%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 20%-дан асырмай
|
|
8.
|
Ойын клубтары (казино)
|
+
|
+
|
✓
50 адамнан асырмай
|
|
9.
|
Түнгі клубтар
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде
|
|
10.
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *
|
✓
толтырылуын 80%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 70%-дан асырмай
|
✓
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
|
11.
|
PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар
|
толтырылуын 80%-дан асырмай
|
толтырылуын 70%-дан асырмай
|
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
|
12.
|
Цирктер
|
толтырылуын 80%-дан асырмай
|
толтырылуын 70%-дан асырмай
|
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
|
13.
|
Мәдениет объектілері (дайындық)
|
+
|
+
|
+
|
|
14.
|
Караоке
|
✓
50%-дан асырмай, бірақ 100 адамнан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-дан асырмай, бірақ 70 адамнан асырмай толтырған кезде
|
✓
50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде
|
|
15.
|
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 100 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
+
|
+
|
|
16.
|
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері
|
+
|
+
|
+
|
|
17.
|
Сауналар, моншалар
|
+
|
+
|
+
|
|
18.
|
Бассейндер
|
+
|
+
|
+
|
|
19.
|
Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтары, йога-орталықтары
|
+
|
+
|
+
|
Toggle Dropdown
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
Toggle Dropdown
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 1 қаулысына
6-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі
Toggle Dropdown
1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.
Toggle Dropdown
2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.
Toggle Dropdown
3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.
Toggle Dropdown
5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.
Toggle Dropdown
6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
Toggle Dropdown
1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
Toggle Dropdown
2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
Toggle Dropdown
3) «жасыл» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;
Toggle Dropdown
4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
Toggle Dropdown
6-қосымшаға схема
Toggle Dropdown
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары
Toggle Dropdown
|
№
|
Объектілер/салалар
|
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары
|
Облыстық орталықтар, облыстық маңызы бар қалалар
|
Аудандық орталықтар және басқа да елдімекендер
|
|
1.
|
Театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар
|
2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу
|
|
2.
|
Караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік конторалар, спорттық кешендер (іс-шаралар), сауналар, моншалар, бассейндер, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер
|
2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
|
3.
|
Залдың ауданы 100 ш.м. дейін қоса алғанда қоғамдық тамақтану объектілері
|
2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 100 астам тіркелу
|
|
Залдың ауданы 500 ш.м. дейін қоса алғанда қоғамдық тамақтану объектілері
|
2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
|
Залдың ауданы 500 ш.м. артық қоғамдық тамақтану объектілері
|
2 аптаның ішінде 1200 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 900 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу
|
|
4.
|
Бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтары, дайындықтар, отельдер, қонақ үйлер, фитнес-орталықтары,
|
2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу
|
|
5.
|
Сауда алаңы 500-ден 2 000 ш.м. дейінгі сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар
|
2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 1800 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 1 500 астам тіркелу
|
|
Сауда алаңы 2000-нан 5 000 ш.м. дейінгі сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар
|
2 аптаның ішінде 10 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 8 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 5 000 астам тіркелу
|
|
Сауда алаңы 5000 ш.м. артық сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар
|
2 аптаның ішінде 40 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 20 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 10 000 астам тіркелу
|
|
6.
|
Сауда алаңы 100 ш.м. кем азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер
|
2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 100 астам тіркелу
|
|
Сауда алаңы 100 ш.м.-ден 500 ш.м. дейін азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер
|
2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
|
Сауда алаңы 500 ш.м.артық азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер
|
2 аптаның ішінде 900 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу
|
|
7.
|
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары
|
2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
|
8.
|
Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар (жазылу бойынша)
|
2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
|
9.
|
Облысаралық, облысішілік тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу
|
2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу
|
Toggle Dropdown
Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.