Toggle Dropdown
Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі одан әрі шаралар туралы
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Редакция 22.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы бойынша бағалау матрицасының «қызыл» аймағына сәйкес келетін коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және «омикрон» штаммының таралуына байланысты, Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 05 қаңтардағы № 725 Жарлығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы бойынша бағалау матрицасы «қызыл» аймағының режиміне сәйкес Алматы қаласында келесілерді іске асыру және енгізу жалғастырылсын:
1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы және осы қаулының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасының қатысушылары болып табылмайтын/болып табылатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары;
2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің («Ashyq» жобасына қатыспайтын) жұмысын шектеу өлшемшарттары;
3) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы.
2. Алматы қаласының тұрғындарына келесі талаптарды қатаң сақтау:
1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30-ға адамға дейін еске алуды қоспағанда, ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткізуге және қатысуға тыйым салу;
2) қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Алматы қаласының аудан әкімдері, мемлекеттік органдары, Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдары, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары және кәсіпкерлік субъектілері құзыретіне сәйкес келесі шараларды қабылдасын және қамтамасыз етсін:
1) спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек «жасыл» мәртебесі бар және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға ғана кіру рұқсаты беріледі;
2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткізуге тыйым салу;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысының 4 және 5 Қосымшаларына сәйкес өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асыру
5) халықтың қоғамдық көліктегі байланыстарын азайту мақсатында ұйымдар (кәсіпорындар) жұмысының сараланған кестесін енгізуді қарастыруға.
6) тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы және ревакцинациялануына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының және барлық меншіктің нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылсын.
2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап келесі оқыту форматтары айқындалсын:
а) мектепке дейінгі ұйымдарда - («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;
ә) жалпы білім беретін мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) - штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;
б) мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында) штаттық форматта;
в) жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша толық вакцинация курсын алған оқушылар мен студенттерді штаттық форматта оқытуға жол беріледі
7) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігі туралы, сондай-ақ жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін әртүрлі платформаларда «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану туралы халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10) қоғамдық орындар мен объектілерге бару кезінде, қоғамдық көлікте жол жүру кезінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) маска кию, әлеуметтік қашықтықты және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауды.
4. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы:
1) медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Комирнати (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялауды;
2) қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізуді жандандыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы 2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Әбдіжаббарова