• Мое избранное
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26493 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 9 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 22.05.2025 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 12.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне және қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің логикалық ойлауына компьютерлік тестілеуден өту қағидалары мен шарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазым санаттары үшін шекті мәндер;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (12.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (12.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидалары.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің
төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3
Бұйрыққа 1-қосымша
Аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін тексеру үшін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін тексеру үшін компьютерлік тестілеуден өткізудің осы қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі – тестілеу) өту тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін тестілеу олардың кәсіби даярлық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін айқындау үшін жүргізіледі. Тестілеу компьютерлік техниканы пайдалана отырып, тест сұрақтарына жауап беру нысанында жүзеге асырылады.
2-бөлім. Аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін тексеру үшін компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттары
3. Тестілеуді ұйымдастыру қаржылық мониторинг органдарының кадр қызметімен жүзеге асырылады. Компьютерлік тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің қызметшілері тартылады.
Қаржылық мониторинг бойынша экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуге қатысты мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.
4. Қызметкерлерді тестілеуден өткізу орны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төрағасымен және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшыларымен (бұдан әрі – уәкілетті басшы) айқындалады және оны өткізуді қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген лауазым санаттарына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтетін қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
6. Кадр қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы Үлгілік ереженің 8 және 9-тармақтарына сәйкес тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты көрсете отырып, тестілеуден өтетін адамдардың тізімін және тестілеуді өткізу кестесін жасайды, оны Агенттіктің төрағасы немесе уәкілетті басшы айқындайды.
7. Тестілеуді өткізетін жұмыскерлер:
1) барлық тестіленушілер үшін тестілеуді өткізудің тең шартын сақтайды;
2) тестіленушілер немесе басқа тұлғалар тарапынан тестілеу тәртібін бұзу әрекетінің жолын кеседі.
Тестілеу нәтижесін түзеуге, ауыстыруға тыйым салынады.
8. Тестілеуді бастар алдында кадр қызметінің жұмыскері ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің жұмыскерлерімен бірлесіп тестіленуші тұлғаға нұсқама береді.
9. Тестіленуші адамның басқа тестіленуші тұлғалармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электронды тасымалдағышта ақпаратпен алмасуына, үй-жайдан кетуіне жол берілмейді. Тестілеуді өткізу уақытында тестіленушілердің қабылдау-беру электрондық қондырғылары (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер және өзге электронды жабдықтар) сөндіріледі.
Қағиданың осы тармағының талаптарын тестіленуші адам бұзған жағдайда, мұндай адамды тестілеу процесі тоқтатылады және бұзушылыққа жол берген адам тестілеу үй-жайынан шығарылады. Бұл ретте, кадр қызметінің жұмыскері еркін нысанда бұзушылық туралы акт жасайды.
10. Бұзушылыққа жол берген қызметкер тестілеуді тапсырмаған болып саналады.
11. Тестілеуді еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және осы жағдайларда болмай қоймайтын мән-жайлардың (апатты құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулардың себебі бойынша жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу уақытша тоқтатылады тоқтатыла тұрады.
Мұндай жағдайда еркін нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.
12. Тестіленушілер үшін В-FM-1, B-FM-2, B-FM-3, B-FM-4, B-FM-5, B-FMО-1, B-FMО-2, B-FMО-3, B-FMО-4 лауазым санаттары бойынша тестіленуші үшін компьютер бағдарламасының көмегімен базалық сұрақтардан әрбір тест үшін белгіленген кездейсоқ сандарды іріктеу тәсілімен таңдалған сұрақтардың саны 120 сұрақты құрайды.
B-FM-6, B-FM-7, B-FMО-5, B-FMО-6 лауазым санаттары бойынша сұрақтар саны 70.
Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл беріледі. Тестілеуден өту уақыты тиісінше 120 және 70 минутты құрайды.
Егер, тестіленуші Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу тапсырмаларының біреуінен шекті мәндер жинай алмаса, онда қалған тестілеу тапсырмаларынан шекті мәндер жинауына қарамастан, тестілеуден өтпеген болып саналады.
13. Тестілеу нәтижесі көрсетілген парақта:
тестіленушінің аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тегі;
атқаратын лауазымы;
тестілеуді өткізу күні;
нормативтік құқықтық актілер тізбесі;
тест сұрақтарының саны;
дұрыс жауаптардың саны;
«Тесттен өтті», «Тесттен өткен жоқ» деген жазба түрінде тестілеудің жалпы нәтижесі;