Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының тұрғындарына:
1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;
5) облыс халқының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам топ болып адамдардың жиналуына тыйым салынсын;
6) 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап - шетелден келген азаматтар вакцинациялау статусына қарамастан, анықтама берілген күнінен бастап, 72 сағаттан ерте емес ПТР тестілеудің теріс нәтижесі болуы міндетті.
2. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру:
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлері вахтадан шығу (кіруі) кезінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаты болған кезде COVID-19-ға ПТР тестілеуге жатпайды және оқшауланбайды;
- екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар тұлғалар карантиндік стационарда 7 күн оқшауланады.
2) Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының № 38 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
3) Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 55 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары Теңізде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылардың шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтаумен эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
3. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмысшылары (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмысшылары (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР тестілеу;
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмысшылары (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу, COVlD-19-ға қарсы вакцинациялау туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды;
4) қоғамдық көліктің жүктемесін азайту мақсатында ұйымдардың (кәсіпорындардың) сараланған жұмыс кестесін енгізу;
5) отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, қолданыстағы маршруттар бойынша қоғамдық көлік санын арттыру;
6) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың ауладағы алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді.
4. Облыста COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты және Қазақстан Республикасында «Омикрон» штаммы айналымының анықталуын ескере отырып, мынадай шектеу шараларын енгізу:
4.1. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.), естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, ашық ауада, үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
4.2. «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан тыйым салынсын:
1) концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, қызметіне;
2) діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуге;
3) конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдарды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен, оффлайн режимде өткізуге;
4) түнгі клубтардың қызметіне;
5) қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар үстелдеріне қызмет көрсетуге және ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);
6) жеке кездесулер өткізуге (тек екпе алған 10 адамға дейін).
4.3. Қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге отырғызу санын 4 адамға дейін қысқарту (әртүрлі үй шаруашылықтарынан)
4.4. Онлайн форматқа көшіру:
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, COVID-19-ға қарсы қызметкерлерді вакцинациялаудың жүргізілуіне қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанына көшіру;
- 600 оқушыға дейінгі облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептері және ауылдық мектептер - оқытудың штаттық форматына, 600 оқушыдан астам мектептер - қашықтықтан оқыту форматына (0-1-2 сыныптар - оқытудың штаттық форматына және 3-4-5 сыныптарда кезекші сыныптар (сыныптың толықтырылуы - 15 баладан артық емес));
- колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту-аралас оқыту форматына: барлық дәрістер онлайн, тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде;
Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қарауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
- эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балалар/ересектер үшін түзету (коррекция) орталықтарында/бөлмелерінде - жеке және 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде.
5. «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс және демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілсін, ал демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Осы тармақта көзделген қауіпсіз «жасыл» мәртебе болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
6. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс және демалыс күндері қызметті штаттық режимде жүзеге асырылуына рұқсат етіледі.
7. «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Шектеу және карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысында көзделген «қызыл» аймақ үшін өлшемшарттарға сәйкес рұқсат етіледі.
8. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын, «Ashyq» жобасына қатысушылардың салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуін бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын. Мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
9. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
- қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді;
- медициналық қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдарды Комирнати (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялауды;
- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы талаптарының орындалуын;
- облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын.
10. Атырау облысының Полиция департаментіне:
- шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу.
11. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына:
- облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
12. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы», 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А. Ирбатыроваға жүктеймін.
14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы А. Бекешева
Атырау облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Р/с
|
Объектілер/салалар**
|
Қызыл аймақ
|
1
|
2
|
4
|
1.
|
Мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) *
|
✔
50%-ға дейін толтырылған кезде, 50 орыннан артық емес
|
Алкогольдік ішімдіктерді сатпай асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері (үй-жайда)
|
✔
(тәулік бойы)
|
Жазғы алаңдар
|
+
|
Банкет залдары ** (ас беру)
|
✔
толымдылығы 30-дан аспаған кезде, бір адамға кемінде 4 шаршы метр, бірақ 30% адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету
|
Банкет залдары ** (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету)
|
✔
50%-ға дейін толтырылған кезде, 50 орыннан артық емес
|
2.
|
СПА орталықтары
|
+
|
3.
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
✔
толымдылығы 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан аспайтын кезде
|
4.
|
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар
|
+
|
5.
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
✔
толымдылығы 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан аспайтын кезде
|
6.
|
Бильярд бөлмелері
|
✔
толымдылығы 30%-дан аспаған кезде
|
7.
|
Боулинг
|
✔
толымдылығы 30%-дан аспаған кезде
|
8.
|
Океанариум
|
✔
Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)
|
9.
|
Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, офистер және басқалар)
|
Жеңілдіктерсіз
|
10.
|
Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері
|
✔
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде
|
11.
|
Ауданы 500-ден 1000 ш.м. дейін қоса алғанда, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық)
|
✔
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде
|
Ауданы 1000 ш.м. астам балалар ойын-сауық орталықтары (жабық)
|
✔
бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде
|
12.
|
Отельдер, қонақ үйлер
|
+
|
13.
|
Әуежайлар
|
+
|
14.
|
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері
|
+
|
15.
|
ХҚКО*****
|
+
|
16.
|
Сауда алаңы 100 ш.м. дейін қоса алғанда сауда алаңы бар сауда желілері (азық-түлік емес)
|
+
|
17.
|
Базарлар (жабық)
|
+
|
18.
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
✔
толтырылуы 50%-ден артық емес
|
19.
|
Букмекерлік кеңселер
|
✔
бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде
|
20.
|
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету салондары (жазба бойынша)
|
✔
алдын ала жазылу бойынша
|
21.
|
Білім беру объектілері, ЖОО, колледждер, білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)
|
+
|
22.
|
Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері
|
+
|
|
|
|
|
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
« ✔ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;
*** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі;
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Атырау облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
2-қосымша
Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік- экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
Р/с
|
Объектілер / салалар
|
Қызыл аймақ
|
1
|
2
|
4
|
1.
|
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар
|
✔
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
2.
|
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)
|
✔
толтырылуын 20%-дан асырмай
|
3.
|
Кинотеатрлар
|
✔
толтырылуын 30%-дан асырмай
|
4.
|
PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар
|
✔
толтырылуын 50%-дан асырмай
|
5.
|
Мәдениет объектілері (дайындық)
|
+
|
6.
|
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 100 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
7.
|
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері
|
+
|
8.
|
Сауналар, моншалар
|
+
|
9.
|
Бассейндер
|
+
|
10.
|
Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтары, йога орталықтары
|
+
|
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).