• Мое избранное
Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.08.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) ерікті қатысушылар;
15) караоке;
16) көрмелер;
17) океанариум;
18) марафондар;
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) әуежайлар;
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;  
23) цирктер;
24) отельдер, қонақ үйлер;
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
26) темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
27) (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
29) букмекерлік конторалар;
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
31) жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.
2. 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша жобаға еріктілер ретінде қатысатын сауда объектілері «Ashyq» жобасының қатысушылары болып танылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
1) кәсіпкерлік объектілерінде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;
3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;
4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) арқылы пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін;
7) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;  
9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына және облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында ерікті түрде, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) арқылы кіруін қамтамасыз етсін;
10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
11) жобаға жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформаға уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін.
6. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;  
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін.
7. «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
8. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
  • 1
3) 2021 жылғы 9 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған кезде («қоңыр-қызыл» аймақ) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне рұқсат етілсін;
4) 2021 жылғы 2 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы қаулының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін демалыс кундері тоқтата тұрсын.
9. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап:
1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын;
2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;  
  • 1
4) «Ashyq» жобасынан тыс:
- құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
- жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
- туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);
- қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметінерұқсат етілсін;
  • 1
5) «қоңыр қызыл» аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін.
10. Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының әкімдері өз құзыретіне сәйкес осы қаулының 11-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) қалаларымен шекаралас аудандарда қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылдасын.
11. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері «Ashyq» жобасын іске асыру мәселелері бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және «жасыл», «сары» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы болмайды.
12. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz сайты және InfoKazakhstan-мен (Аitu, Halyk Bank және басқалары) біріктірілген басқа да платформалық шешімдер арқылы беріледі.
2. Сайт арқылы өтінім беру үшін InfoKazakhstan.kz субъекті (объекті):
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қойындысы автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR алуға сұрау жібереді. QR алу алдында «Білім базасын» жүктеу (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, бас санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысу қажет;
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR коды субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:
- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
- қызметті жаңарту бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;
5) QR кодын алумен бір мезгілде бизнес субъектісі оның Ashyq жобасының қатысушыларына жататыны-жатпайтыны (осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) немесе ерікті қатысушы туралы хабарлама алады.  
3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.
4. QR кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.
5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін Ashyq жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында да орналастырылады.
7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:
1) қызметкерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъектілер (объектілер) жатқызылуы мүмкін.
8. Кәсіпкер Ashyq жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушылық келісімнің шарттарын қабылдай отырып, шынайы деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.
9. Кәсіпкер ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.  
3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
- «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруға шектеу жоқ;
- «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, базада COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруға шектеу жоқ;
- «сары» мәртебе: «байланыста болған» - деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген, жүріп-тұруға шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U 07.2 коды мәртебесі бар пациенттер, жүріп-тұруды шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.  
4. Жұмыскерлер (персонал) мен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебесі «көкке» ауыстырылады.
5. COVID-19-мен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебесі сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
6. «Сары» мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.
7. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.
8. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.
9. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, U07.1 коды- «жұқтырған» мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебесі COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 14 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
10. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен кәсіпкерлік объектісінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
11. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады.
12. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
13. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген Алгоритмдер талаптарының және осы қаулының сақталуын қамтамасыз етеді.
14. МСЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар тұлға есепті InfoКazakhstan.kz электрондық платформасынан «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.
16. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін белгілейді.
17. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оқшаулау режимін бұзу бөлігінде әкімшілік сипаттағы шаралар қолданады.
18. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
19. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
20. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
21. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына
3-қосымша
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан алып тастау алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі - ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан алып тастайды:
1) мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде келушілерді QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін тіркеуді жүргізген жағдайда;
3) 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген check-in ең аз санын жүргізбеу фактісінің анықталуы;
4) рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша анықталған эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша, ЖАО:
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге алып тастайды;
- қайта бұзушылық қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге алып тастайды;
- үшінші бұзушылық кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге алып тастайды.
3. ЖАО-ы жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімін InfoКazakhstan.kz.электрондық платформаға жібереді.  
  • 2
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

қоңыр-қызыл аймақ***

1

2

3

4

5


 

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Жазғы алаңдар

+

7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

2.

Сауналар, моншалар

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

3.

СПА-орталықтар

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

4.

Бассейндер

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

5.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

50%-дан асырмай толтыру

40%-дан асырмай толтыру

30%-дан асырмай толтыру

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

9.

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

+

+

10.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

11.

Бильярд

50%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50% - дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

12.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

60%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

13.

Боулинг

50%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

14. с

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

15.

Океанариум

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

16.

Көрмелер

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

17.

Марафондар (ашық ауада)

100 адамнан артық емес

50 адамнан артық емес

30 адамнан артық емес

тыйым салынады

18.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

20%-дан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

19.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

20.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21.

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

22.

Цирктер

50%-дан артық емес толтырылған кезде

40%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

23.

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

+

+

24.

Әуежайлар

+

+

+

+

25.

Теміржол вокзалдары

+

+

+

+

26.

ХҚО

+

+

+

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

27.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

сенбі және жексенбі күндері 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

28.

Базарлар

+

+

сенбі және жексенбі күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

29.

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

+

50%-дан артық емес толтырылған кезде

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

тыйым салынады

31.

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

алдын ала жазылу бойынша

50%-дан артық емес толтырылған кезде

07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

32.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

+

+

+

33.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

70 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;
« « - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.  
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70% - дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
  • 1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына
5-қосымша
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі
1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.
2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.
3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.
5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;
4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
5-қосымшаға схема
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары  

Объектілер/салалар

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары

Облыстық орталықтар, облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық орталықтар және басқа да елдімекендер

1.

Қоғамдық тамақтану объектілері,

караоке, компьютерлік клубтар,

лотерея клубтар, букмекерлік конторалар, спорттық кешендер (іс-шаралар), сауналар, моншалар, фитнес-орталықтары, бассейндер,

театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер,

туристік тасымалдар, океанариум,

балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2.

Бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтары,

дайындықтар, отельдер, қонақ үйлер

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу

3.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда (азық-түлік емес), базарлар

2 аптаның ішінде 50 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 25 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 10 000 астам тіркелу

4.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

5.

Халық тұратын қызметті көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаториялық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/ базалары, туристік базалар және т.б.)

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

 

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

 

2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу

 

6.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар (жазылу бойынша)

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

7.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру және түзету орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу

8.

ХҚО

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

 

2 аптаның ішінде 1000 астам тіркелу

 

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

 

9.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

10.

Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалдар

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 250 астам тіркелу

11.

Облысаралық, облысішілік тұрақты емес (туристік) тасымалдар

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.