• Мое избранное
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26491 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 12 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрыққа
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Аппарат басшысы
Департамент басшысы
Кеңесші
Департамент басшысының орынбасары
Басқарма басшысы
Көмекші
Басқарма басшысының орынбасары
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші
Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел уәкiл (анықтаушы)
Аға криминалист
Аға тергеуші
Аға жедел уәкіл (анықтаушы)
Аға криминалист
Тергеуші
Жедел уәкіл (анықтаушы)
Криминалист
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрыққа
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Департамент басшысы
Департамент басшысының орынбасары
Басқарма басшысы
Басқарма басшысының орынбасары
Бөлім басшысы
Аса маңызды істер бойынша тергеуші
Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел уәкiл (анықтаушы)
Бас криминалист
Аға тергеуші
Аға жедел уәкіл (анықтаушы)
Аға криминалист
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрыққа
3 қосымша
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізудің қағидалары мен шарттары
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізудің осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізу шарттары мен тәртібін, қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) орналасу кезінде кандидаттар үшін тағлымдама ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Конкурсты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне сәйкес бос және уақытша бос лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) өткізеді.