«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26605 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариалануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 Бұйрықпен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 07.12.2023 жылғы № 1263 Бұйрығына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№ |
Атауы |
1. |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. |
Жобалау жұмыстары |
3. |
Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер |