• Мое избранное
Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26573 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 11-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі   Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы № 60
бұйрығына қосымша
Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)

2.

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)