Toggle Dropdown
14
"Ashyq" жобасын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерің 27 қантардағы 2022 жылғы № 7 қаулысы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1
1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
Toggle Dropdown
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
Toggle Dropdown
2) спа-орталықтары;
Toggle Dropdown
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
Toggle Dropdown
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
Toggle Dropdown
5) боулинг клубтары;
Toggle Dropdown
6) кинотеатрлар;
Toggle Dropdown
7) театрлар мен филармониялар;
Toggle Dropdown
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;
Toggle Dropdown
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
Toggle Dropdown
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
Toggle Dropdown
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
Toggle Dropdown
12) бильярд клубтары;
Toggle Dropdown
13) концерт залдары;
Toggle Dropdown
14) караоке;
Toggle Dropdown
15) көрмелер;
Toggle Dropdown
16) океанариум;
Toggle Dropdown
17) марафондар;
Toggle Dropdown
18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
Toggle Dropdown
19) әуежайлар;
Toggle Dropdown
20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
Toggle Dropdown
21) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
Toggle Dropdown
22) цирктер;
Toggle Dropdown
23) отельдер, қонақ үйлер;
Toggle Dropdown
24) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
Toggle Dropdown
25) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
Toggle Dropdown
26) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері^
Toggle Dropdown
27) (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері;
Toggle Dropdown
28) балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
Toggle Dropdown
29) букмекерлік конторалар;
Toggle Dropdown
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
Toggle Dropdown
31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);
Toggle Dropdown
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
Toggle Dropdown
33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
Toggle Dropdown
34) діни объектілер;
Toggle Dropdown
35) ойын клубтары (казино);
Toggle Dropdown
36) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
Toggle Dropdown
37) түнгі клубтар;
Toggle Dropdown
38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
Toggle Dropdown
1
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
Toggle Dropdown
4)осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
Toggle Dropdown
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
Toggle Dropdown
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы мәліметтерді алу (жүктеп алу) мақсатында «Ashyq» платформасына кіруге қолжетімдігін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
Toggle Dropdown
3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
Toggle Dropdown
4) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді;
Toggle Dropdown
6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
Toggle Dropdown
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;
Toggle Dropdown
8) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
Toggle Dropdown
9) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
10) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді;
Toggle Dropdown
11) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда:
Toggle Dropdown
- «жасыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) – қызметі шектеусіз;
Toggle Dropdown
- «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) және «қызыл» (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймақтарда – объектілерді толтыру бойынша шектеулермен;
Toggle Dropdown
12) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау немесе ревакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде), эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде («жасыл», «сары», «қызыл») қызметі шектеусіз;
Toggle Dropdown
13) ВАК-тың шешімінің негізінде эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды;
Toggle Dropdown
14) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
Toggle Dropdown
15) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
Toggle Dropdown
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
Toggle Dropdown
3) осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды;
Toggle Dropdown
4) ВАК шешімінің негізінде шектеу шараларын енгізу жағдайларын қоспағанда, «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) өңір«қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
Toggle Dropdown
3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы 4-тармағының және «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы А. Есмағамбетова
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы «27»қаңтардағы
№ 7 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
Toggle Dropdown
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен интеграцияланған басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті):
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
Toggle Dropdown
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
Toggle Dropdown
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, «Ashyq» жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет;
Toggle Dropdown
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:
Toggle Dropdown
- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
Toggle Dropdown
- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;
Toggle Dropdown
5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі өзінің «Ashyq» жобасының қатысушыларына (осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) жататыны туралы хабарлама алады.
Toggle Dropdown
3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.
Toggle Dropdown
4. QR-кодты алғаннан кейін «Ashyq» жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге Infokazakhstan-ға беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.
Toggle Dropdown
6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында орналастырылады.
Toggle Dropdown
7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген шектеулер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:
Toggle Dropdown
1) жұмыскерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдай отырып, дұрыс деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.
Toggle Dropdown
9. Кәсіпкер ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың болуын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы «27» қаңтардағы
№ 7 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
Toggle Dropdown
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде жұмыскер (персонал) келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
Toggle Dropdown
2. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
Toggle Dropdown
3. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен төлқұжат нөмірі бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
– «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» – деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ;
Toggle Dropdown
- «көк» мәртебе: «бейтарап» – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ; базада COVID-19 жұқтырған немесе COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ;
Toggle Dropdown
- «сары» мәртебе: «байланыста болған»– деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;
Toggle Dropdown
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған»– базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады.
Toggle Dropdown
5. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталмаған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауысады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап біржыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
6. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
Toggle Dropdown
7. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
Toggle Dropdown
COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Toggle Dropdown
8. «Сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.
Toggle Dropdown
9. COVID-19-ға ПТР-тестілеу теріс нәтижелері бар адамдарда (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) «сары» мәртебе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Toggle Dropdown
10. Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде «жасыл» мәртебе сақталады.
Toggle Dropdown
Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.
Toggle Dropdown
11. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
Toggle Dropdown
12. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
13. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
14. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.
Toggle Dropdown
15. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін анықтайды.
Toggle Dropdown
16. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың оқшаулау режимін бұзу бөлігіндегі талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
Toggle Dropdown
17. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
Toggle Dropdown
18. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануы жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Toggle Dropdown
20. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы «27» қаңтардағы
№ 7 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі
Toggle Dropdown
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі – ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан шығарады:
Toggle Dropdown
1) мониторингтік топтың объектіде осы қаулыға 2-қосымшаның 18-тармағына сәйкес жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерін анықтауы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін келушіні тіркеуді жүргізген жағдайда;
Toggle Dropdown
3) 2 апталық жүктеп алунәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген ең аз check-in санын өткізбеу фактісінің анықталуы;
Toggle Dropdown
4) карантин режимін бұзу материалдары бойынша анықталған рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
Toggle Dropdown
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ЖАО:
Toggle Dropdown
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге шығарады;
Toggle Dropdown
- қайта бұзған кезінде қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге шығарады;
Toggle Dropdown
- үшінші рет бұзған кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге шығарады.
Toggle Dropdown
3. ЖАО жосықсыз қатысушылардың ресми тізімін QR-кодты өшіру үшін InfoКazakhstan.kz. электрондық платформасына жібереді.
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы «27» қаңтардағы
№ 7 қаулысына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
Toggle Dropdown
|
р/с №
|
Объект ілер / салалар
**
|
Жасыл аймақ
|
Сары аймақ
|
Қызыл аймақ
|
|
11
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
2
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
|
3
|
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
|
4
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
|
5
|
Отельдер, қонақ үйлер
|
+
|
+
|
+
|
|
6
|
Әуежайлар
|
+
|
+
|
+
|
|
7
|
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері
|
+
|
+
|
+
|
|
8
|
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
|
+
|
+
|
+
|
|
9
|
ХҚКО
|
+
|
+
|
+
|
|
10
|
Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері
|
+
|
+
|
+
|
|
11
|
Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (алдын ала жазылу бойынша)
|
+
|
+
|
+
|
|
112
|
СПА-орталықтар
|
+
|
+
|
+
|
|
113
|
Сауналар, моншалар,
|
+
|
+
|
+
|
|
1
|
Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
+
|
+
|
|
114
|
Базарлар (жабық)
|
+
|
+
|
+
|
|
115
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша)
|
+
|
+
|
+
|
|
116
|
Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары
|
+
|
+
|
+
|
|
117
|
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін)
|
+
|
+
|
+
|
|
118
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
+
|
+
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
119
|
Океанариум
|
+
|
+
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
220
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
221
|
Бильярд
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
222
|
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
223
|
Боулинг
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
224
|
Цирктер
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
225
|
Лоте ре я клубтары және лотерея сататын өзге де орындар
|
+
|
бір келушіге кемінде
4 ш.м. алаң
|
бір келушіге кемінде
4 ш.м. алаң
|
|
226
|
Букмекерлік конторалар
|
+
|
бір келушіге кемінде
4 ш.м. алаң
|
бір келушіге кемінде
4 ш.м. алаң
|
|
227
|
Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
+
|
бір келушіге кемінде
10 ш.м. алаң
|
бір келушіге кемінде
10 ш.м. алаң,
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
|
228
|
ЖОО, колледждер
|
+
|
+
|
практикалық, зертханалық, семинар сабақтары, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн
|
|
229
|
Орта білім беру ұйымдары:
|
|
|
|
|
|
1-4 бастауыш сыныптары (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар)
|
+
|
+
|
+
|
|
600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда
|
+
|
+
|
+
|
|
600 оқушыдан жоғары
|
+
|
+
|
мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен
|
|
330
|
Алкогольдік сусындарды сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)
|
+
|
+
|
+
|
|
331
|
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету)
|
+
|
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
60%-ға дейін толтырылған кезде
|
Toggle Dropdown
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
Toggle Dropdown
« » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
Toggle Dropdown
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру;
Toggle Dropdown
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің міндетін атқарушының
2022 жылғы «27» қаңтардағы
№ 7 қаулысына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесі
Toggle Dropdown
|
р/с №
|
Объект ілер / салалар *
|
«жасыл», «сары», «қызыл» аймақтар
|
|
1
|
2
|
3
|
|
1.
|
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу
|
Шектеусіз
|
|
2.
|
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар
|
|
3.
|
Көрмелер
|
|
4.
|
Марафон дар ( ашық ауада)
|
|
5.
|
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар
|
|
6.
|
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары
|
|
7.
|
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу)
|
|
8.
|
Ойын клубтары (казино)
|
|
9.
|
Түнгі клубтар
|
|
10.
|
Караоке
|
|
11
|
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері
|
|
12.
|
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері
|
|
13.
|
Бассейндер
|
Toggle Dropdown
* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).