«Ashyq» жобасының объектілері бойынша
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 Қаулысы
Редакция 11.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын одан әрі болдырмау мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына және Қазақстан Республикасы ведомствоаралық комиссиясының 2022 жылғы 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының «Ashyq» жобасын іске асыру туралы 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД м.а. 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысы) сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын, оның ішінде:
1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді;
2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін ҚР БМСД м.а. 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысының 4-қосымшаға сәйкес, келушілер мәртебелері бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») болған жағдайда, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес:
- «жасыл» аймақта (төмен эпидемиологиялық қауіп) - шектеусіз қызмет;
- «сары» (орташа эпидемиологиялық қауіп) және «қызыл» (жоғары эпидемиологиялық қауіп) аймақтарында - объектілердің толтырылуына шектеулер қойыла отырып;
3) ҚР БМСД м.а. 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда (вакцинациялау немесе ревакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде), эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде («жасыл», «сары», «қызыл») қызметі шектеусіз;
2. 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысандары мен ведомстволық тиістіліктегі білім беру ұйымдарын штаттық форматта оқытуға рұқсат етілсі.
3. КВИ науқастарымен байланыста болған адамдарға қатысты мынадай шектеулер мен рұқсаттарды қамтамасыз ету:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған жағдайда үй карантиніне оқшауланбайды;
- 7-ші күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеру жүргізіледі, ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі кезінде үй карантині аяқталады;
- егер 7-ші күні COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады;
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шектеу шаралары бойынша 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 және «Ashyq» мәртебесін өзгерту бойынша 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулыларының талаптары коронавирустық инфекцияның симптомсыз ағымы бар науқастарға да қолданылады.
4. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Әбдіжаббарова