• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 65 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 16 ақпандағы № 65 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысы.
2. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы.
4. «Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 116 қаулысы.
5. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 187 қаулысы.
6. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 246 қаулысы.