Toggle Dropdown
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26806 болып тіркелді
Редакция 22.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Химия өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11259 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 11 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -13
бұйрығына 1-қосымша
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тарамығының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, жаңадан салынып жатқан, реконструкцияланатын және пайдаланылатын қара металлургия объектілеріне өндірістік бақылау жүргізуге, жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауа баптауға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, атмосфералық ауаға, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар мынадай: коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу қара металлургия объектілеріне қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету;
2) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
2-тарау. Қара металлургия объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормаларын «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес ауаның қозғалыс жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығы және температура нормаларын сақтау қажет.
4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген шамаларын осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақталады.
5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.
6. Тұрақты жұмыс орындарында жылумен сәулелену, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі – Вт/ш.м.) аспайды.
Тұрақты жұмыс орындарында 140 Вт/ш.м. дейінгі қарқынды жылумен сәулелену кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолданады, сондай-ақ қосымша:
1) 140 Вт/ш.м. 350 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, тұрақты жұмыс орындарындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с ұлғайтылады;
2) 350 Вт/ш.м 2800 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылады.
7. 8-тармақтың талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы минус (бұдан әрі – «–») 20 Цельсий градустан (бұдан әрі – 0 С) – 23 0 С, ал жылы мезгілі үшін плюс (бұдан әрі – «+») 21-ден +25 0 С аралығында жасалады.
8. 2800 Вт/ш.м. артық жылумен сәулелену кезінде арнайы костюмдер мен жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жұмыстар орындалады.
9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 45 о С аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
10. Жасанды жарықтандыру шамдарды бірқалыпты немесе жергілікті орналастыру арқылы жалпы жарықтандыру жүйесі бойынша орындалады. Шамдарды жергілікті орналастыру, цехтардағы жабдықтар биік болған кезде, жұмыс орындарының тік жазықтықта орналасуы кезінде, жұмыс орнын жабдықтардың элементтері немесе жұмыскердің денесі көлеңкелейтін жағдайларда қолданылады.
11. Жарықтандыру мөлшері, көздің қарығу көрсеткішінің рұқсат етілген мәні және өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарына арналған пульс беру коэффициенті, цехтар мен учаскелердегі апатты жарықтандыру, жарықтандыру арматурасын ластанудан тазалау мерзімі және қор коэффициентінің мәні осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
12. Көтергіш крандар, кран конструкциясы тудыратын көлеңкені болдырмауды қамтамасыз ететін кран астына жарық түсіруші қыздыру шамдарымен немесе газ сейілткіш жарық көздерімен жабдықталады.
13. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу кезінде тасымалданатын жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.
14. Өндірістік үй-жайларды жалпы жарықтандыру үшін газ сейілткіш жарық көздері қолданылады. Машина залдарын, басқару және өндірістік процестерді қадағалау орындарын, диспетчерлік пункттерді жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады. Адамдар уақытша болатын үй-жайларда, жарылыс қаупі бар және ауыр жағдайлы ортадағы үй-жайларда жергілікті жарықтандыру қолданылады.
15. Автоматтандырылған технологиялық процесті цехтарда жалпы және жергілікті жарықтандыратын қосымша шамдарды қосу көзделеді.
16. Ақ қаңылтыр бетін, тоттанбайтын болаттан жасалған құбырларды бақылаудың жұмыс орындарын жалпы және жергілікті жарықтандыру кезінде сымдарды өңдеу бөлімдерінде көз қарықтыратын шағылысты шектеу шаралары жүзеге асырылады.
17. Жарықтандыруды өлшеу және нормалардың талаптарын тексеру жарық беретін қондырғылар пайдалануға берілгенде және пайдалану кезінде жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі.
18. Газ сейілткіш шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін олардың істен шыққан сынап толтырылған шамдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
19. Механизмдер немесе агрегаттар жөнделгеннен және кейбір бөліктері жаңғыртылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін, жұмыс орындарында және қол машиналарында жылына кем дегенде бір рет шу мен діріл деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шу мен дірілді бақылау машиналардың жұмыс істеу режимі кезінде жүргізіледі.