Toggle Dropdown
«Ashyq» жобасын енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
1) йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-клубтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
21) балалар (жабық) ойын-сауық орталықтары;
23) отельдер, қонақ үйлер;
24) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
25) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
26) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
27) (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері;
28) балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
29) букмекерлік кеңселер;
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
35) ойын клубтары (казино);
36) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы мәліметтерді алу (жүктеп алу) мақсатында «Ashyq» платформасына кіруге қолжетімдігін қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
4) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтына орналастыруды;
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді;
6) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;
8) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
9) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді;
10) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша шектеулер белгілемей жұмыс режимін;
11) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда:
- «жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) аймақтарда – қызметі шектеусіз;
- «қызыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары)– объектілерді толтыру бойынша шектеулермен.
Қызметті шектусіз жүзеге асыру үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде «Ashyq» жобасына қатысушылар қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе бойынша талаптарды ерікті түрде енгізе алады.
12) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайд болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) шешімінің негізінде эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды;
13) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
14) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;
3) осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды;
4) ВАК шешімінің негізінде шектеу шараларын енгізу жағдайларын қоспағанда, «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
6. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
7. «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 10 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен интеграцияланған басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.
2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті):
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, «Ashyq» жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет;
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:
- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;
5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі өзінің «Ashyq» жобасының қатысушыларына (осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) жататыны туралы хабарлама алады.
3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.
4. QR-кодты алғаннан кейін «Ashyq» жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.
5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге Infokazakhstan-ға беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында орналастырылады.
7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген шектеулер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:
1) жұмыскерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін.
8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдай отырып, дұрыс деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.
9. Кәсіпкер ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың болуын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 10 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде жұмыскер (персонал) келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
2. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
3. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен төлқұжат нөмірі бойынша жүзеге асырады.
4. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
– «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» – деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ;
- «көк» мәртебе: «бейтарап» – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ; базада COVID-19 жұқтырған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ;
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» – базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады.
5. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталмаған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауысады.
COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
6. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
7. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
8. COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда «жасыл» мәртебе соңғы 3 ай ішінде сақталады.
Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.
9. Жобаға қатысатын объектілерге «қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
10. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
11. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
12. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.
13. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін анықтайды.
14. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың оқшаулау режимін бұзу бөлігіндегі талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
15. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануы жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
16. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
17. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 10 қаулысына
3-қосымша
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі – ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан шығарады:
1) мониторингтік топтың объектіде осы қаулыға 2-қосымшаның 18-тармағына сәйкес жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерін анықтауы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) шешімінің негізінде объект 2 апта ішінде QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін келушіні тіркеуді жүргізген жағдайда;
3) 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген ең аз check-in санын өткізбеу фактісінің анықталуы;
4) карантин режимін бұзу материалдары бойынша анықталған рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ЖАО:
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге шығарады;
- қайта бұзған кезінде қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге шығарады;
- үшінші рет бұзған кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге шығарады.
3. ЖАО жосықсыз қатысушылардың ресми тізімін QR-кодты өшіру үшін InfoКazakhstan.kz. электрондық платформасына жібереді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 10 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
р/с №
|
Объектілер/салалар
**
|
Жасыл аймақ
|
Сары аймақ
|
Қызыл аймақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Отельдер, қонақ үйлер
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Әуежайлар
|
+
|
+
|
+
|
6
|
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері
|
+
|
+
|
+
|
7
|
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
|
+
|
+
|
+
|
8
|
ХҚКО
|
+
|
+
|
+
|
9
|
Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері
|
+
|
+
|
+
|
10
|
Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (алдын ала жазылу бойынша)
|
+
|
+
|
+
|
11
|
СПА-орталықтар
|
+
|
+
|
+
|
12
|
Сауналар, моншалар,
|
+
|
+
|
+
|
13
|
Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
+
|
+
|
14
|
Базарлар (жабық)
|
+
|
+
|
+
|
15
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша)
|
+
|
+
|
+
|
16
|
Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары
|
+
|
+
|
+
|
17
|
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін)
|
+
|
+
|
+
|
18
|
Балаларды сауықтыру ұйымдары
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
19
|
Океанариум
|
+
|
+
|
+
|
20
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
21
|
Бильярд
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
22
|
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
23
|
Боулинг
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
24
|
Цирктер
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
25
|
Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар
|
+
|
+
|
+
|
26
|
Букмекерлік конторалар
|
+
|
+
|
+
|
27
|
Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары
|
+
|
+
|
+
|
28
|
ЖОО, колледждер
|
+
|
+
|
+
|
29
|
Орта білім беру ұйымдары:
|
+
|
+
|
+
|
30
|
Алкогольдік сусындарды сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)
|
+
|
+
|
+
|
31
|
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету)
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
32
|
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
33
|
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
34
|
Көрмелер
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
35
|
Марафондар (ашық ауада)
|
+
|
+
|
+
|
36
|
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
37
|
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
38
|
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу)
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
39
|
Ойын клубтары (казино)
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
40
|
Түнгі клубтар
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
41
|
Караоке
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
42
|
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
43
|
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
44
|
Бассейндер
|
+
|
+
|
✔
70%-ға дейін толтырылған кезде
|
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
« ✔ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру;
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).