Toggle Dropdown
17
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымшаның талапатарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантинді енгізудің сараланған тәсілін;»;
Toggle Dropdown
2) 1-қосымшада:
Toggle Dropdown
4-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
3) 3-қосымшада:
Toggle Dropdown
4-тармақ алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) 1-қосымшада:
Toggle Dropdown
«Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу» деген 7-бөлімнің 104-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«104. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мыналар жатады:
Toggle Dropdown
1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
Toggle Dropdown
2) жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
Toggle Dropdown
3) лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін;
Toggle Dropdown
4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Toggle Dropdown
5) Қазақстанда «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.»;
Toggle Dropdown
2) 133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«133. «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.».
Toggle Dropdown
1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы 2022 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы «18» ақпандағы
№ 11 қаулысына
1-қосымша