• Мое избранное
«Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 ақпанда № 26846 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12331 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 17 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-2/956 бұйрығымен
бекітілген
Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
1. Осы Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда сұрыптық сынау деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау түсініледі.
2. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.
3. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде береді.
4. Өтініш өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) беріле отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
5. Хабарлама берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме мен өтініш беруші арасында сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады. Өтінім берушінің қолы қойылған шарт болмаған жағдайда, сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме өтінішті қараудан бас тартады. Тараптар арасындағы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
6. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары «Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19995 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау нәтижесінде алынған өнімдердің өткізу бағалары өткізу кезінде өңірде қалыптасқан нарықтық бағаларға сәйкес айқындалады.
Қажетті құжаттардың тізімі, ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының прейскуранты мемлекеттік мекеменің сайтында орналастырылады.
7. Қызметтерге ақы төлеу деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып және бақылау чегін (Webkassa 2.0 аппараттық-бағдарламалық кешені) бере отырып, сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің кассалары арқылы қолма-қол ақша арқылы не сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің «Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоты» ағымдағы шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.
8. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру қорытындылары бойынша сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету туралы хабарламаны, шот-фактураны және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
9. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес:
1) сұрыптық сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулер жүргізуге;
2) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, комбайндарды, күштік машиналар мен жабдықтарды, генератор машиналарын, жұмыс машиналары мен жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, реттеуші аспаптар мен құрылғыларды, зертханалық жабдықтарды, компьютерлік жабдықтарды, өзге де машиналар мен жабдықтарды, жалпы мақсатқа арналған механикаландырылған және механикаландырылмаған еңбек құралдарын, өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтарды, шаруашылық мүкәммалын, өртке қарсы мақсатқа арналған заттарды, өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал мен құралдарды сатып алуға;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
4) ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшыларға еңбекақы төлеуге;
5) отын, жанар-жағармай материалдарын (май, тосол, отын, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, автол және басқа да жанар-жағармай материалдары), жанар-жағармай материалдарына талондар сатып алуға, сондай-ақ отынның барлық түрлерін тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
6) өзге де материалдарды (отырғызу материалы, тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер, ақпараттың техникалық тасығыштары, почта маркалары, таңбаланған конверттер, бланк өнімдері, кіріс (шығыс) хат-хабарларды тіркеу журналдары, картридждер, тонерлер) сатып алуға;
7) дәрілік заттарды, бір рет пайдаланылатын және көп рет пайдаланылатын медициналық құралдарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды, дәрі қобдишаларын (автомобильдерге арналған дәрі қобдишаларын) сатып алуға;
8) құрылыс және монтаждау жұмыстары процесінде пайдаланылатын құрылыс материалдарын (рукан (рубероид), араластырғыштар, раковиналар, унитаздар, себезгі кабиналар, ванналар, есік блогі, терезе блогі, коннектор, кәбіл каналы, есіктер, есіктегі тұтқалар, есік жеткізгіш, ойма құлып, розеткалар, ажыратқыштар, линолеум, ковролан) сатып алуға;
9) шаруашылық материалдарын (электр желілік сүзгілерді, ұзартқыштарды, ыдыстарды, үй-жайларды күтіп ұстауға арналған тазалағыш, дезинфекциялағыш, жуғыш құралдарды, ауа тазартқыштарды, қоқысқа арналған қаптарды; шүберектерді, шаруашылық қолғаптарды, күректерге арналған саптарды, батареяларды, шпагаттарды, шлангілерді, дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, үй-жайларды жинауға арналған керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын, арнайы киімдерді) сатып алуға;
10) байланыстың барлық түрлерінің көрсетілетін қызметтеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, үй-жайлар мен ғимараттарды жалға алуға, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу жөніндегі, таразылық және мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
11) жазылым басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиет сатып алуға;
12) ғылыми, әдістемелік материалдар мен ресми бюллетеньдер шығаруға;
13) мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
14) шетелдік хат-хабарды және ғылыми құжаттаманы аудару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің неғұрлым перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды (дала күндері, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар, таныстырылымдар) өткізуге;
16) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайлар мен объектілерді ағымдағы жөндеуге (жалпы құрылыс жұмыстары, гидрооқшаулау жұмыстары, электр сымдарын монтаждау және электр арматурасын орнату жөніндегі жұмыстар, электр байланысы жабдығын орнату жөніндегі электр монтаждау жұмыстары, ғимаратқа электр жабдығын орнату, жергілікті желі (электр) желілерін жүргізу, монтаждау (орнату), су құбыры есептегішін, электр есептегішті, күш қалқаншасын, электр автоматын, трансформаторды, сплит-жүйелерді, газ есептегішін демонтаждау);
17) жылыту, кәріз, су құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, оны ағымдағы жөндеуге, дәнекерлеу жұмыстарына, су құбыры жұмыстарына, қоршаулар мен дуалдарды, қақпалар мен бастырмаларды, қақпаларды орнатуға, ауабаптағышты, ғимараттарға арналған антенналарды монтаждауға (орнатуға);
18) сылау, сырлау жұмыстарына, шыны жұмыстарына, үй-жайда арақабырғалар орнатуға;
19) жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлік құралдарындағы тозған бөлшектерді жөндеуге және ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектерді (автомобиль қозғалтқыштары, аккумулятор, аккумуляторлық батареялар, трос, сермер, тығыздамалар, реле, су сорғысы, айқастырма, амортизаторлар және басқа да қосалқы бөлшектер), компьютерлік техниканы (негізгі плата, қатты диск, кулер, жедел есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогі) сатып алуға;
20) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің іссапар шығыстарына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға;
21) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
22) жобалау (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамасын әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, жер учаскесіне идентификациялау құжатын дайындау және беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
23) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған көлік құралдарын жалдау шығындарына;
24) ағымдағы шығындарға (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялық төлемдер, кіру жарналары; мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, олар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар (әлеуметтік салықтан басқа));
25) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, беріліс құрылғыларын сатып алу, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жерді сатып алу шығындарына;
26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында офистік жабдықтарды, офистік техниканы, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды, вирусқа қарсы бағдарламаны, нәтижелер деректерін автоматты өңдеудің арнайы бағдарламалық қамтылымын сатып алуға және орнатуға;
27) техникалық қарап-тексеру, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
28) Webkassa 2.0 бағдарламалық қамтылымын орнату, оған қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, бағдарламалық қамтылымды қолдау, деректер өңдеу, дерекқорлар құру, мемлекеттік сұрыптық сынау саласындағы веб-порталдарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
29) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
30) көлік құралдарын диагностикалау, жөндеу, автомобиль майын ауыстыру, шиналарды монтаждау, резеңкені ауыстыру, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
31) электр энергиясын, суды, газды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруден өткізе және бағдарлама жасай отырып орнату үшін ақы төлеуге;
32) баннерлер, бланкілер, қатты папкалар, алғыс хаттарын, грамоталар, арнайы журналдар, мөртабандар, стендтер дайындауға;
33) офистік техниканы, компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды, принтерлерді, серверлік жабдықтарды, көшіру аппаратын, факсты, өрт дабылдамасы жүйелері мен өрт сөндіргіштерге арналған жабдықты жөндеу, құрастыру, орнату, оларға қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
34) өкілдік шығындарға жұмсалады.
10. Сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
11. Сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден мемлекеттік мекеме алатын ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік
 мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және
 оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

(010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, «Іскер» бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтінім нөмірі

Тіркелген күні

Өтініш
  1. Өтiнiш берушi(лер) ____________________________________________
  ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)  
  2. Почталық мекенжайы __________________________________________
  ____________________________________________________________________
  3. Телефоны ____________________________________________________
  4. Электрондық мекенжайы _______________________________________
 Мен (біз) _______________________________________________________ (көрсетілетін қызметтің атауы)  
бойынша қызмет көрсетуді сұраймын (сұраймыз).
Көрсетілетін қызмет туралы қосымша мәліметтер (көрсетілетін қызметке байланысты толтырылады):
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
Мен (біз) өзімде (өзімізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы өтінішке енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (мәлімдейміз).
Мен (біз) сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы ақылы қызмет түрлерін көрсетуге белгіленген бағалармен таныстым (таныстық) және уақтылы төлеуге кепілдік беремін (кепілдік береміз) деп мәлімдеймін (мәлімдейміз).
 Өтініш берушінің (өтініш берушілердің) қолы (қолдары) _______________ _______________
Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік
 мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және
 оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған өтініштің қабылдануы туралы хабарлама  
  Орындаушы: ______________________________________________________
  Тапсырыс беруші(лер): _____________________________________________
  Өтінімнің тіркеу нөмірі: ____________________________________________
  Өтінімді тіркеу күні: _______________________________________________
  Көрсетілетін қызметтің атауы: _______________________________________
  Қоса берілген құжаттардың саны және атауы: __________________________
  Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адам _________________________
 _________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
 Басшы __________ ________________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік
 мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және
 оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
 өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің көрсетілгені туралы хабарлама  
  Орындаушы: _______________________________________________________
  Тапсырыс беруші (лер): ______________________________________________
  Өтінімнің тіркеу нөмірі: ______________________________________________
  Өтінімді тіркеу күні: _________________________________________________
  Көрсетілген қызметтің атауы: _________________________________________
  Көрсетілетін қызметтің мәртебесі: _____________________________________
  Төлеу сомасы: ______________________________________________________
 Басшы __________ __________________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)