Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылсын.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің атаулары өзгертілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 126), 130), 138) және 141) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің атаулары өзгертілетін аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.
2. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.
3. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
4. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.
5. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.
6. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.
7. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.
8. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.
9. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.
10. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.
11. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.
12. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.
13. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.
14. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.
15. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы.
16. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
17. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (16.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында:
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
2) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;
3) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру ережесінде:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.
Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;
7) iс қағазының макетi – азаматтың осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар қамтылатын өтемақы алуға арналған жеке iс қағазының макетi.»;
«2-тарау. Азаматтарды тiркеу және оларға куәлік беру тәртiбi»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |