БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
«Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26964 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 217 Бұйрыққа қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;
3) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
4) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есептің мазмұны
3. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп:
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес есепті қаржы жылындағы мемлекеттік сатып алу туралы есептен;
2) түсіндірме жазбадан тұрады.
4. Түсіндірме жазба есепті қаржы жылына мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын мәліметтер негізіндегі мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты қамтиды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалы мәселелер туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалы мәселелер жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар ұсынған өтініштердің негізінде қалыптасады.
3-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау тәртібі
5. Мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер есепті қаржы жылында тапсырыс берушілер және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар орналастыратын және толтыратын мәліметтер негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптасады.
6. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталынан жүктемеден шығаруды қамтамасыз етеді және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға жібереді.
7. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган есептіден кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес ұсынады.
8. Есепті қаржы жылындағы мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы жылдық есеп мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібергеннен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.
9. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп, оның ішінде барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігінің мынадай түйінді көрсеткіштерін қамтиды:
мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үлесі;
есептілік әкімшілері бөлінісінде жоспарланған сатып алу, өткізілген, сондай-ақ олар бойынша жасалған шарттардың көлемі;
отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі;
аудиторлық іс-шаралармен қамтылған сатып алу туралы ақпарат.
Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Ұсынылады: мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті орган; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.goszakup.gov.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: ______ жылға сатып алу тәсілдері бөлісінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-ГЗФ
Кезеңділік: жылдық
Есепті кезең: 20__ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор; мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті орган
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей; есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей
№ |
Сатып алу тәсілі |
Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша |
|||||
Ағымдағы жылға жоспар тармақтарының саны |
Ағымдағы жылдың бекітілген жоспарлы сатып алу сомасы, теңге |
3 жылға арналған жоспар тармақтарының саны |
3 жылда бекітілген жоспарлы сатып алу сомасы, теңге |
Бекітілген жоспарлы сатып алудың жалпы сомасы, теңге |
Үлесі, % |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
|
|
|
2 |
Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу. Барлығы |
|
|
|
|
|
|
3 |
оның ішінде ашық конкурс |
|
|
|
|
|
|
4 |
оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып жүргізілетін конкурс |
|
|
|
|
|
|
5 |
оның ішінде біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс |
|
|
|
|
|
|
6 |
оның ішінде негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс |
|
|
|
|
|
|
7 |
оның ішінде рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс |
|
|
|
|
|
|
8 |
оның ішінде көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс |
|
|
|
|
|
|
9 |
Аукцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
10 |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
11 |
Бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу. Барлығы |
|
|
|
|
|
|
12 |
оның ішінде өткізілмеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша |
|
|
|
|
|
|
13 |
оның ішінде өткізілмеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша |
|
|
|
|
|
|
14 |
оның ішінде өткізілмеді деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша |
|
|
|
|
|
|
15 |
оның ішінде өткізілмеді деп танылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша |
|
|
|
|
|
|
16 |
оның ішінде өткізілмеді деп танылған тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
17 |
Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
18 |
оның ішінде табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату |
|
|
|
|
|
|
19 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
20 |
оның ішінде сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу |
|
|
|
|
|
|
21 |
оның ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
22 |
оның ішінде нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу |
|
|
|
|
|
|
23 |
оның ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
24 |
оның ішінде халықаралық рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
25 |
оның ішінде зағип және көзі нашар көретін азаматта р үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу |
|
|
|
|
|
|
26 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1161 қаулысымен бекіткен тізбе бойынша сатып алу жағдайларында |
|
|
|
|
|
|
27 |
оның ішінде мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысымен бекіткен тізбе бойынша өнім берушілерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу жағдайларында |
|
|
|
|
|
|
28 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысымен бекітілген тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында |
|
|
|
|
|
|
29 |
оның ішінде жұмыскерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
30 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
31 |
оның ішінде адвокаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу |
|
|
|
|
|
|
32 |
оның ішінде өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
33 |
оның ішінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу |
|
|
|
|
|
|
34 |
оның ішінде халықаралық және (немесе) шетелдік ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу |
|
|
|
|
|
|
35 |
оның ішінде мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, шаруашылық серіктестіктерден және өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
36 |
оның ішінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
37 |
оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен бекiтілген. |
|
|
|
|
|
|
38 |
оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы |
|
|
|
|
|
|
39 |
оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы |
|
|
|
|
|
|
40 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
41 |
оның ішінде статистикалық байқау деректерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
42 |
оның ішінде мынадай Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін; Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу |
|
|
|
|
|
|
43 |
оның ішінде ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
44 |
оның ішінде мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
45 |
оның ішінде егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
46 |
оның ішінде оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, сатып алу |
|
|
|
|
|
|
47 |
оның ішінде мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу |
|
|
|
|
|
|
48 |
оның ішінде көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу |
|
|
|
|
|
|
49 |
оның ішінде мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының өнер туындыларын сахнада көрсетуді, көпшілік алдында орындау мен көрсетуді және мәдени құндылықтарды көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы |
|
|
|
|
|
|
50 |
оның ішінде хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру |
|
|
|
|
|
|
51 |
оның ішінде тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы |
|
|
|
|
|
|
52 |
оның ішінде егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген) бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады |
|
|
|
|
|
|
53 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу |
|
|
|
|
|
|
54 |
оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
55 |
оның ішінде техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторийлік-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
56 |
оның ішінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы заңының 39-бабының 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу |
|
|
|
|
|
|
57 |
Тауар биржалары арқылы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
58 |
Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
59 |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
60 |
Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу |
|
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
Жүргізілген мемлекеттік сатып алу қортындылары бойынша |
Жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша |
Орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша |
||||||
Жоспар тармақтарының саны (лоттар) |
Жүргізілген сатып алу сомасы, теңге |
Үлесі, % |
Жоспар тармақтарының саны (мәні) |
Бекітілген жоспарлар сомасы, теңге |
Үлесі, % |
Жоспар тармақтарының саны (мәні) |
Орындалған шарттар сомасы, теңге |
Үлесі, % |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|