Toggle Dropdown
3
Атырау облысындағы карантиндік шектеу шаралары туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №4 қаулысы
Toggle Dropdown
Атырау облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1.Атырау облысының тұрғындарына:
Toggle Dropdown
1) 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық маскаларды кию режимін сақтау;
Toggle Dropdown
2) COVID-19 коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (жөтел, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) бар адамдар медициналық маскаларды кию режимін сақтау.
Toggle Dropdown
2.Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін:
Toggle Dropdown
1) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №12 қаулысына сәйкес қызметтің әрбір түрі үшін бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтауды;
Toggle Dropdown
2) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №13 және 25.08.2021 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №36 қаулыларына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуды;
Toggle Dropdown
3) 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №14 қаулысына сәйкес «Ashyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметіне шектеу қоймай пайдалануды;
Toggle Dropdown
4) отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік санын ұлғайту;
Toggle Dropdown
3.Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
Toggle Dropdown
1) облыс тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді;
Toggle Dropdown
2) 13.01.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №2 және 18.02.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11, 14.03.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №12 қаулылары талаптарының орындалуын;
Toggle Dropdown
4.Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын.
Toggle Dropdown
5.Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №2 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы», 2022 жылғы 10 ақпандағы №3 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
6.Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А.Бекешеваға жүктеймін.
Toggle Dropdown
7.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов