• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 11

Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.05.2023 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес 
Редакция 16.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде CОVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды;
10) халық арасында COVID-19 профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;
11) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайларын сақтауды.
  • 1
2. Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.08.2022 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2.1. Өңір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес тәуекелі төмен аймақта («жасыл аймақ») болған кезде, репродукция коэффициенті R (бұдан әрі – R) 1-ден артық болған кезде халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды киюді ұсынсын;
2.2. Өңір тәуекелі орташа аймаққа («сары аймақ») ауысқан кезде төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 12,5-тен 25-ке дейін жеткен кезде R 1-ден артық болған кезде немесе төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 25-тен 50-ге дейін жеткен кезде R 1-ден кем болғанда:
1) мыналарды:
- міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін болмайтын жұмыскерлерді қоспағанда, жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыруды;  
- міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін болмайтын жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді COVID-19-бен ауыратын  науқаспен байланыста болған кезде қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыруды;
- білім беру ұйымдарындағы іс-шараларды топтарды қосып өткізуді болдырмауды (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етілген);
- желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, желдету режимін сақтауды, адамдар көп жиналатын объектілерде, көліктің барлық түрлерінде санитариялық-дезинфекциялау іс-шараларын күшейтуді;
2) халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануды ұсынуды қамтамасыз етсін.
2.3. Өңір тәуекелі жоғары аймаққа («қызыл аймаққа») ауысқан кезде:
1) төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 25,0-ден 50,0-ге дейін жеткен кезде және R 1-ден артық болған кезде:  
- 10-нан астам адамның қатысуымен өткізілетін кеңестерді онлайн форматқа көшіруді;
- жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде пайдалануды;
- жабық мекемелерге (МӘМ, ҚАЖК және басқалар) баруға шектеулер енгізуді қамтамасыз етсін;
2) төсек-орынмен қамту көрсеткіші R-ға қарамастан 100 мың тұрғынға шаққанда 50,0-ден артық болған кезде:  
   - объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалануды, «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етуді;   
- мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 30%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыруды;
- адамдар көп жиналатын іс-шараларды (салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар) толымдылығы 50%-дан аспайтын объектілерде өткізуді қамтамасыз етсін. 
3. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырсын.
5. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді;
2) барлық медициналық ұйымдарда медицина персоналының, қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің медициналық маска киіп жүруін;
3) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, COVID-19 коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;
4) босандыру және балалар медициналық ұйымдарына COVID-19 клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін мамандандырылған бөлімшелерге емдеуге жатқызылады;
5) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
6) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды;
7) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тиісті қорғаныш деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды;
8) денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді;
9) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді;
10) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;
11) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарға Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі – қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;
12) осы қаулыға 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес санаттарға жататын адамдарды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді;
13) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 12 сағат ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз етсін.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: