• Мое избранное
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ -25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27182 болып тіркелді

Редакция 08.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16279 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі   А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ ҚР ДСМ -25 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 жылғы № 66 Бұйрығымен (15.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (07.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138 бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаттарына қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Педиатриялық көмек он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған балаларға (бұдан әрі – балалар) Кодекстің 117, 118-баптарына сәйкес нысандарда және жағдайларда көрсетіледі.
3. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) педиатриялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, балаларды профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Балаларға медициналық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулыларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерімен жүзеге асырылады.
5. Балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық фактілерін анықтаған МҰ тиісті көлемде медициналық көмек көрсетеді және ақпарат түскен күні ішкі істер органдарына және бала құқықтарының кепілдіктерін жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
6. МҰ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық саласындағы медициналық есепке алу құжаттамасының нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
7. Педиатриялық көмек көрсететін МҰ-да балалардың қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ете отырып, балаларға жайлы болуын қамтамасыз ететін орта (түрлі-түсті интерьер, балалар ойын аймақтары, ойыншықтар) құрылады.
8. Педиатриялық көмек көрсететін МҰ-да емшек сүтін алмастырғыштарды жарнамалауға жол берілмейді.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары патронаждық байқаудың тиімділігін үйлестіру мен бағалауды жүзеге асыра отырып, патронаждың әмбебап прогрессивті моделі және жұмыс орнында балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қарау бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының біліктілігін үздіксіз арттыруды жүзеге асыратын оқу-әдістемелік орталық (бұдан әрі – ОӘО) құрады.
10. ОӘО мынадай функцияларды атқарады:
1) үздіксіз оқытуды ұйымдастыру және өткізу:
жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды жүзеге асыратын МҰ мамандары (акушерлер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, фельдшерлер);
патронадық мейіргерлер;
супервизорлар;
балаларға шұғыл көмек көрсету бойынша МҰ медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта медициналық персонал, фельдшерлер).
2) патронаждық мейіргерлерінің кеңес беру дағдыларын қалыптастыру;
3) патронаждың әмбебап прогрессивті моделі және балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қарау бойынша өңірдегі медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына мониторинг жүргізу;
4) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін өңірлік МҰ-ға (бұдан әрі – МСАК МҰ) қолдаушы және сыртқы супервизияның сапарларын өткізу;
5) медициналық қызметкерлердің балаларға шұғыл көмек көрсетуге дайындығын мониторингілеу.
11. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) БЖАЫҚ – бес жасқа дейінгі балаларға уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге, олардың сырқаттанушылығын, өлімін, мүгедектігін азайтуға, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік және эмоциялық дамуын жақсартуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған стратегия;
2) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) үй жағдайында патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі (бұдан әрі – ПӘПМ) – бұл жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, жаңа туған нәрестелердің және бес жасқа дейінгі балалардың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтауға және азайтуға бағытталған үйде патронаждық бақылаудың аралас моделі;
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емін қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны (бұдан әрі – МСАК);
5) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ);
6) супервизия – тікелей бақылау сапарлары құралдарын, анықталған проблемалар бойынша мастер-класстарды пайдалана отырып, патронаждық байқау процесін жақсарту және ілгерілету мақсатында, сондай-ақ медициналық персоналдың психологиялық қолдау және эмоционалдық күйіп қалуының алдын алу мақсатында МСАК МҰ қолдаушы немесе сыртқы мониторингінің сапарлары.
2-тарау. Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
12. Амбулаториялық жағдайда педиатриялық көмекті МСАК ұйымдары көрсететін МҰ «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 тіркелген), «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) және осы Стандартпен сәйкес жүзеге асырады.
13. МСАК стандартына сәйкес бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін МСАК МҰ, МСАК мамандарын бекіте отырып, учаске қалыптастырылады.
14. Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және бес жасқа дейінгі балаларға патронаж жасауды жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және бес жасқа дейінгі балаларға патронаж жасауды жүзеге асыратын мейіргер (бұдан әрі – патронаждық мейіргер) «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрық) жүргізеді.
50 жүкті әйелге, босанғандарға және 5 жасқа дейінгі 300 балаға 1 патронаждық мейіргер лауазымы есебінен белгіленеді.
15. Амбулаториялық жағдайда МСАК МҰ құрылымында және консультативтік-диагностикалық орталықтарда педиатр кабинеті құрылады.
16. Медициналық және әлеуметтік тәуекелдерді уақтылы анықтау мақсатында балалар халқы тіркелген МСАК МҰ даму және ерте араласу орталығы (бұдан әрі – ДЕАО) құрылады.
17. ДЕАО құрылымы мыналарды қамтиды: