• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 158 қаулысы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау» деген бөлімде:
«9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» деген кіші бөлімде:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде іске асырылатын болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады

1
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.