• Мое избранное
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚРДСМ-27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27218 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (29.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Редакция 12.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (29.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (29.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі   А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ ҚР- ДСМ-27 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-69 Бұйрығымен (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.06.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (29.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
Қосымшаны WORD  форматында қараңыз 
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ ҚР- ДСМ-27 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген).
2. «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18541 болып тіркелген).
3. «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 8 тамыздағы № ҚР ДСМ-109 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19226 болып тіркелген).
4. «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-118 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19318 болып тіркелген).
5. «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-31/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20343 болып тіркелген).