• Мое избранное
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің 09 қыркүйегіндегі 2021 жылғы №2 бұйрығы

 «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
2. Конкурсты өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты жоғары және ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға   А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 Мәдениет комитеті төрағасының
09 қыркүйегіндегі 2021 жылғы №2
 бұйрығымен бекітілген
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу қағидалары  
1-тарау. Жалпы ережелер  
1.Осы Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсын (бұдан әрі –Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2.Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) өткізеді.
2-тарау. Конкуртың мақсаты мен міндеттері
1.Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1)қазақстандық дирижер мектебінің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту;
2)жаңа есімдердің ашылуы, дирижерлік өнер саласындағы талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;
3)дарынды және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.
3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
1.Конкурс 2021 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткізіледі.  
2.Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының мәдениет және өнер саласындағы 18-40 жас аралығындағы дирижерлері мен студенттері қатыса алады.
3.Конкурс 5 кезеңнен тұрады:
1) І кезең – 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 9 желтоқсанға дейін электрондық нұсқада мынадай құжаттар мен материалдарды (бұдан әрі – өтінім) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау:
жеке басын куәландыратын құжаттың PDF форматындағы көшірмелері;
шығармашылық өмірбаяны;
конкурсқа қатысушының өлшемі 13х18 сантиметр түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматта);
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде жеке шотының болуы туралы анықтама;
білім туралы дипломның көшірмелері;
оқу орнынан анықтама (студенттер үшін).
  1 турда өтінім және таңдау бойынша 2 туындының (ірі және шағын нысандағы) өнер көрсету бағдарламалары, 2 турда таңдау бойынша2 туындының (ірі және шағын нысандағы) өнер көрсету бағдарламалары 2-қосымшаға сәйкес электрондық поштаға жіберіледі: konkursmuz@mail.ru , анықтама телефоны: +7(7172)74-03-40, 87751967811;
2) ІІ кезең – 2021 жылғы 10 желтоқсан – ұсынылған өтінімдердің осы Қағидалардың 5-тармағына, 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкестігін қарау. Олар осы Қағидалардың 5-тармағына, 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда ұсынылған өтінімдер қарауға жатпайды;   
3) ІІІ кезең – 2021 жылғы 2021 жылғы 11-12 желтоқсан аралығында – 1 тур өткізу;
4) ІV кезең – 2021 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында – 2 тур өткізу;
5) V кезең – 2021 жылғы 15 желтоқсан – Конкурс қорытындыларын шығару және конкурс лауреаттарының қатысуымен Гала-концерт өткізу.
7. Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың6-тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
8. Конкурстың ІІ кезеңінен өткен қатысушылар Алматы қаласына Қағидалардың 6-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген мерзімде конкурсқа келеді.
 Конкурсқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес Алматы қаласында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және іссапарда болған әрбір күн үшін тәуліктік екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледі.
Конкурсқа қатысушылардың көлік шығыстары өз есебінен төленеді.
9. 1 және 2 турда өнер көрсету тәртібі Конкурсқа қатысушылар арасында жеребе тастау арқылы белгіленеді және Конкурстың соңына дейін сақталады.
10. Конкурсқа қатысушылар музыкалық шығармаларды Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен 1 және 2 турда дайындап, орындайды.
11. Гала-концертте Конкурстың бағдарламасына сәйкес өтеусіз негізде Гран-при иегері және I, II, III, орын лауреаттары қатысады.
12. Комитет Конкурстың I, II, III орын иегерлері мен Гран-при иегерлерінің фото және бейнематериалдарын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
13. Конкурстың бас жүлдесі мен I, II, III орын лауреаттарын марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтеді. Іс-шара республикалық телеарнада, сондай-ақ Министрліктің «QR Mádenıet, sportmınıstrligi» YouTube арнасында өтеді.
4 тарау. Ұйымдастыру комитеті
  14. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрамда Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі –Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
15. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау мен өткізуге басшылықты жүзеге асырады.
16. Конкурсты жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз парағын ұсынады және осы Қағидаларды www.msm.gov.kz  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады.  
17. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
18.Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: тел.: +7(7172)74-03-40, 87751967811, электрондық пошта konkursmuz@mail.ru.
5 тарау. Конкурстың Қазылар алқасы
19. Конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) құрылады.
Конкурстың Қазылар алқасының құрамына жетекші мәдениет және өнер қайраткерлері, дирижерлік өнер саласындағы халықаралық конкурстардың лауреаттары кіреді.
20. Төрағаны қоса алғанда, қазылар алқасының құрамы тақ болуға тиіс.
21. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және оған Қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
22. Дауыстар тең болған жағдайда Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.  
23. Конкурстың Қазылар алқасы құқылы:
1) қатысушының өнер көрсетуін тоқтату;
2) Ұйымдастыру комитеті айқындаған ақшалай жүлделерді бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге (Гран-приді қоспағанда).
24. Қазылар алқасының мүшелеріне Конкурс өткізу шеңберінде көзделген қаражат шегінде қаламақы, сондай-ақ Алматы қаласына бару және қайту, тамақтану, тұру және Алматы қаласы бойынша көлікте жол жүру шығыстары төленеді.
   25. Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар болып табылатын Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілмейді.
5 тарау. Конкурсты қаржыландыру
  26. Конкурсты өткізуді қаржыландыру «2021-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 033 «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен танымал ету және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 105 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
27. Конкурс номинациялары бойынша келесі ақшалай сыйлықтар белгіленеді:
1) Бас жүлде - 750 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
2) І орын - 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
3) ІІ орын-400 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
4) ІІІ орын - 300 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда).
6 тарау. Қорытынды ереже
28. Осы Ережеде көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
 Нұрғиса Тілендиев атындағы
 Республикалық дирижерлер конкурсының
 өткізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлердің конкурсына қатысуға өтінім  

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


 

Туған күні


 

Қатысушы туралы қосымша ақпарат (жұмыс, оқу орны және т. б.)


 

Қандай оқу орнын және қашан бітірген, аттестат (болған жағдайда)


 

Ұстаздың аты-жөні, тегі


 

Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер Конкурсын өткізу ережесіне 2-қосымшаға сәйкес 2 туындының (ірі және шағын нысандағы) өнер көрсету бағдарламасы

1 тур


 

2 тур


 


 

Байланыс деректері: тұрғылықты мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы


 

Нұрғиса Тілендиев атындағы
 Республикалық дирижерлер конкурсының
 өткізу қағидаларына  2-қосымша
I тур бағдарламасы
І. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен жұмыс
1) Ірі нысандағы шетелдік композиторлардың шығармалары (қатысушының таңдауы бір шығарма бойынша):
1. В.А. Моцарт Симфония № 40 (I бөлім)
2. В.А. Моцарт Симфония № 41» (I бөлім)
3. П.И. Чайковский Симфония № 1 (I бөлім)
4. П.И. Чайковский Увертюра-фантазия «Ромео мен Джульетта»
5. П.И. Чайковский Симфониялық поэма «Франческа Да Римини»
6. М. Глинка «Руслан мен Людмила» операсына Увертюра
2)Кіші нысандағы қазақстандық композиторлардың шығармалары (қатысушының таңдауына бір шығарма бойынш):
1. М. Төлебаев «Біржан мен Сара» операсынан Мереке би
2. Е. Брусиловский «Дударай»
3. Ғ. Жубанова «Мерекелік күй»
4. Қ. Мусин «Жайлауда»
5. Е. Рахмадиев «Дайрабай»
6. Т. Қажығалиев «Қыз қуу»
ІІ. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрімен жұмыс
1)Ірі нысандағы қазақстандық композиторлардың шығармалары (қатысушының таңдауына бір шығарма бойынш):
1. С. Мұхамеджанов «Шаттык Отаны»
2. Қ. Күмісбеков «Дала сыры»
3. М. Койшыбаев «Казахстан»
4. Б. Жуманиязов «Серпін»
5. К. Күмісбеков «Фараби сазы»
2) Төкпе немесе шертпе күй
II тур бағдарламасы
І. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен жұмыс
1)Сүйемелдеу (қатысушының таңдауы бойынша бір вокалдық немесе аспаптық шығарма):
Тенор мен баритонға арналған вокалдық шығармалар:
1. А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсынан Абай ариясы («Ей, халайық»)
2. М. Төлебаев «Біржан мен Сара» операсынан Біржан ариясы
3. Е. Рахмадиев «Қамар сұлу» операсынан Ахмет ариясы (II акт)
4. С. Мұхамеджанов «Айсұлу» операсынан Серкенің каватинасы  
5. А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсынан Айдар ариясы
Сопраноға арналған вокалдық шығармалар:
1.Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсынан Жібектің әні (Толқыма)  
2.М. Төлебаев «Бақыт вальсі»
3.С. Мұхамеджанов «Айсұлу» операсынан Айсұлу ариясы
4.Ғ. Жұбанова «Еңлік-Кебек» операсынан Еңлік ариясы («Отанмен қоштасу»)Инструменталдық шығармалар:  
1. Ғ. Жұбанова скрипкаға арналған Концерт (I бөлім)
2. Е. Брусиловский «Бозайғыр»
3. М. Төлебаев «Поэма» (скрипкаға арналған)
2) Ірі нысандағы шетелдік композиторлардың шығармалары (қатысушыны таңдауға бір шығарма):
1. Л. В. Бетховен Симфония № 2 (I бөлім)
2. П.И. Чайковский  «Итальянское Каприччио»
II.Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрімен жұмыс
1) Н. Тілендиевтің кіші нысанды туындысы (қатысушының таңдауы бойынша бір туынды):
1. «Алтын дән»
2. «Махамбет»
3. «Атадан мұра - Нұрсұлтан»
4. «Бауырлаштарым»
5. «Жеңіс салтанаты»
6. «Еңбек қуанышы»
2) Сүйемелдеу (Н. Тілендиевтің қатысушының таңдауы бойынша бір вокалдық немесе аспаптық шығарма):
Вокалдық шығармалар:
1. Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
2. Абай «Мен көрдім ұзын қайың құлағаның»
3. Қ. Шаңғытбаев «Дубосеково зиратында»
4. Н. Шәкенов «Ақ шағала»
5. Н. Шәкенов «Жан сәулем»
6. М. Мақатаев «Кел, еркем Алатауыңа»
7. Т. Молдағалиев «Қарлығаштар»
Аспаптық шығармалар:
1. «Аққу»
2. «Ақсақ құлан»
3. «Абай табиғаты»
Нұрғиса Тілендиев атындағы
 Республикалық дирижерлер конкурсының
 өткізу қағидаларына  3-қосымша
Құрамы Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, төраға;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Музыка өнері басқармасының бас сарапшысы;
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болып айқындалған ұйымның басшысы (жеткізуші).
 Нұрғиса Тілендиев атындағы
 Республикалық дирижерлер конкурсының
 өткізу қағидаларына 4-қосымша
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының қазылар алқасының құрамы  

1.

Ті лендиева

Динара Нұрғ исақызы

 


 

« Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы » республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының « Отырар сазы » Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, төраға;


 

қазылар алқасының мүшелері:


 

2.

Мухит динов

Абзал Мирасбекұлы


 


 

« Астана Опера » мемлекеттік опера және балет театры » коммерциялық емес акционерлік қоғамы бас дирижерінің орынбасары, шығармашылық мәселелер жөніндегі кеңесші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;


 

3.

Бегендиков

Жалғасбек Әмірханұлы


 

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы » республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Отырар сазы » Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;


 

4.

Муслим

Әмзе Балтабайұлы


 

« Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы » республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;


 

5.

Омаров

Қанат Асқарұлы


 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны симфониялық оркестрінің бас дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты ;


 

6.

Грибанов

Пётр Алексеевич

 


 

«Қ . Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіг » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша);


 

7.

Тілепбергенов

Абылай Жамбылұлы


 

«Дарын » Ұлттық жастар сыйлығының лауреаты (келісім бойынша).