Bestprofi Logo

Бұйрық № 344 от 2022-03-31г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27339 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-1-бабы 3-тармағы және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е. Жамаубаев

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына 1 қосымша

Берешектің жай–күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидалары

1. Осы Берешектің жай – күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептіліктің көлемін, нысандарын, кезеңділігін, мерзімдерін, жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша есептер жасайды.

2 тарау. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну мерзімі

3. Жылдық қаржылық есептілік есепті қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталатын кезеңге, 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезеңге жасалады.

Тоқсандық есептілік ағымдағы қаржы жылының 31 наурызында, 30 маусымында және 30 қыркүйегінде аяқталатын кезеңге жасалады.

4. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тоқсан сайын ұсынады.

5. 31 наурызда және 30 қыркүйекке аяқталатын кезеңге берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті:

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомствоға – есептіден кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ведомствоға – есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей (бұдан әрі – ведомство);

ведомство республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттер берешегінің жай–күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай–күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне – есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады;

6. Есепті қаржы жылының 30 маусымында және 31 желтоқсанында аяқталатын кезеңге жасалған бухгалтерлік баланстардың деректерімен салыстырып тексерілген берешектің жай–күйі туралы қаржылық есептiлiкті:

6-тармақ өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.08.2023 жылғы № 845 Бұйрығымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомствоға – ведомство белгілеген мерзімдерде;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ведомствоға – 20 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 15 ақпанға дейін;

ведомство – республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттер берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне тиісінше – 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 25 ақпанға дейін ұсынады.

3 тарау. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептіліктің көлемі мен нысандары

7. Мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мынадай есеп түрлерін жасайды және ұсынады:

«Дебиторлық берешек туралы есеп» ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі – ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны);

«Дебиторлық берешек туралы есеп» ҚЕ-1-ДБ-Ө нысаны бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі – ҚЕ-1-ДБ-Ө нысаны);

«Кредиторлық берешек туралы есеп» ҚЕ-2-KБ-Б нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі – ҚЕ-2-KБ-Б нысаны);

«Кредиторлық берешек туралы есеп» ҚЕ-2-KБ-Ө нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі – ҚЕ-2-KБ-Ө нысаны);

«Ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп» ҚЕ-3-KБ-ҰМ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – ҚЕ-3-KБ-ҰМ нысаны).

4-тарау. Дебиторлық, кредиторлық берешектер туралы және ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есептерді жасау тәртібі

8. Мемлекеттік мекемелер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржылық есептілікті нысандардың толық көлемінде 2 (екі) данада жасайды, олардың 1 (біреуін) мемлекеттік мекемелер жоғары тұрған органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарынан қаржылық есептілікті қабылдауы және тексеруі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қаржылық есептілік нысандарының мекенжай бөлігі мынадай тәртіппен толтырылады:

«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» деректемесі – «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;

«Мемлекеттік мекеме» деректемесі – Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және оның коды;

«Кезеңділігі» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;

«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңгеде;

«Бюджет түрі» деректемесі – бюджет түрі көрсетіледі.

10. Есептердегі кредиторлық және дебиторлық берешек өткен жылдардың берешегі мен ағымдағы жылдың берешегі болып бөлінеді.

Өткен жылдардың берешегі – ағымдағы жылдың алдындағы жылдары пайда болған берешек.

Дебиторлық берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдардың дебиторлық берешегінің жағдайы және ағымдағы қаржы жылы оның бір бөлігін өтеген немесе өндіріп алған жағдайда есепті күнге осы берешектің қалдығы көрсетіледі.

Кредиторлық берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдар берешегінің жағдайы және ағымдағы жылы оның бір бөлігін өтеген жағдайда есепті күнге осы берешектің қалдығы тіркеледі.

Ағымдағы жылдың берешегі – ағымдағы жылы туындаған және есепті күнге қалыптасқан берешек.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание