• Мое избранное
Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27506 болып тіркелді

Редакция 15.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  С. Шапкенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  • 1
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118
бұйрығына 1-қосымша
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органға жазған жазбаша өтініші;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.10.2024 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (17.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.07.2024 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.07.2024 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;
6) уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі
3. Босқын мәртебесін алу үшін пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген күннен бастап өзі немесе Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ХЖҚЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар қоса беріледі.
4. Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады және пана іздеген адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер пана іздеген адам өтінішхатты қазақ немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса, онда өтінішхатты өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.
5. ХЖҚЖАО өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. ХЖҚЖАО-ның басшысы өтінішхат келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды.
6. ХЖҚЖАО қызметкері өтінішхатты қабылдау кезінде пана іздеген адамды Заңда көзделген оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстырады.
7. Өтінішхатты тіркеген күні пана іздеген адамға «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27181 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.07.2024 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, оған ХЖҚЖАО басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылады.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі пана іздеген адамның куәлігі берілген күннен бастап үш ай мерзімге ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
Пана іздеген адам куәлік алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде дактилоскопиялауға жатады.
8. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда сол күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.07.2024 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кейіннен пана іздеген адам және өтінішхат ХЖҚЖАО-ға өтінішхатты тіркеу және куәлік беру үшін беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап бір тәулік ішінде ХЖҚЖАО-ға жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) Шекара қызметінен ХЖҚЖАО-ға келіп түскен өтінішхатты ХЖҚЖАО-ға өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні ХЖҚЖАО -ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.
9. Егер пана іздеген адам жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы туралы мәлімдесе, ол туралы мәлімет оның сөзінен жазылады және онымен жүгінген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы әңгімелесу жүргізеді.
10. Өтінішхат пана іздеген адам отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен қабылданады.
Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді.
Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін нысанда өтініш ұсынады.
3-тарау. Өтінішхатты қарау тәртібі
11. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхат тіркелгеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы тарапынан жүргізіледі және:
11-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 20.03.2024 жылғы № 80 Бұйрығымен (07.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.10.2024 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (17.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өтініш беруші жүгінген күні «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;
өтінішхатты тіркегеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;
сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (бұдан әрі – ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;
ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың болмауына міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, әңгімелесу жүргізіледі.
12. Әңгімелесу өткізуге дайындалу кезінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы: