Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 200-1), 200-2), 200-3) және 200-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«200-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
200-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
200-3) реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
200-4) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
қосымша