Toggle Dropdown
«Рухани қазына - 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің 31 наурызындағы 2022 жылғы №17 бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабындағы 9) және 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Рухани қазына - 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) өткізілсін.
2.Қоса беріліп отырған Фестивальді өткізу қағидалары бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасы Фестивальді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Комитет Төрағасының
31 наурызындағы 2022 жылғы №17
бұйрығымен бекітілген
Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1.Осы Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында әзірленді және Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалінің (бұдан әрі - Фестиваль) мақсаты мен міндетін, өткізу тэртібін айқындайды.
2.Фестивалдің ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті болып табылады.
3.Фестивальдің қатысушылары - музейлер (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық), кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық), мәдени-демалыс ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық) (бұдан әрі - мәдениет ұйымдары) және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері.
4.Фестивальді қаржыландыру «Мәдениет және өнер саласында бәсекелестікті арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау және архив ісін іске асырудың тиімділігін арттыру» 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» 105 кіші бағдарламасы аясында көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері
5.Фестивальдің мақсаты - мәдени-демалыс ұйымдарының тәжірибемен алмасуы, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлігін дамыту аясында халықтық мәдениетті насихаттау мен өңірлік мәдениет ұйымдары имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болып табылады.
1)бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту;
2)өңірлердің мәдени мұрасымен танысу, қызмет тәжірибесімен алмасу;
3)қоғамдық сананы жаңарту аясында мәдениет ұйымдары қызметінің мәнін жаңарту бойынша идеяларды іздестіру;
4)шығармашылық қызмет әр тұрлі саласында жетістіктерді көрсету;
5)мәдениет ұйымдары мекеме қызметкерлерінің әлеуетін және кәсіби шеберлігін арттыру.
3-тарау. Фестивальді өткізу тәртібі
6.Фестиваль келесі кезеңдерден тұрады:
1)2022 жылғы 10-30 сәуір аралығында «Рухани қазына - 2022» конкурсын өңірлік деңгейде (бұдан әрі - Өңірлік конкурс) өткізу.
2)2022 жылғы 16 мамырда өңірлік деңгейдегі конкурс жеңімпаздары арасында «Рухани қазына - 2022» республикалық конкурсының (бұдан әрі - Республикалық конкурс) ресми ашылуы;
3)2022 жылғы 16-18 мамыр аралығында Республикалық конкурсты өткізу;
4)2022 жылғы 19-20 мамыр аралығында шеберлік сыныптарын өткізу;
5)2022 жылғы 21 мамырда Фестивальдің жабылуы - Республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау, Гала-концерт.
7.Фестивальді өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), облыстардың, Нұр- Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларының (бұдан әрі - мәдениет басқармалары) интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
8.Республикалық конкурс өңірлік деңгейде жеңімпаз болып табылатын мәдениет ұйымдары мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің арасында өткізіледі.
9.Мәдениет ұйымдарының арасында Республикалық конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)«Үздік облыстық маңызы бар музей»;
2)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей»;
3)«Үздік ауылдық маңызы бар музей»;
4)«Үздік мәдениет, өнер музейі»;
5)«Үздік атаулы (мемориалдық) музей»;
6)«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана»;
7)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана»;
8)«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана»;
9)«Үздік балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапханасы»;
10)«Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана»;
11)«Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені»;
12)«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі (сарайы)»;
13)«Үздік ауылдық мәдениет үйі, (клубы)».
14)«Балаларға арналған үздік музейлік жоба - 2022»;
15)«Балаларға арналған үздік кітапханалық жоба - 2022»;
16)«Балаларға арналған үздік ойын-сауық жобасы - 2022»;
17)«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік ойын-сауық жобасы»;
18)«Үздік көркемөнерпаздар ұжымы - 2022» (сонымен бірге, театр ұжымдары).
10.Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында республикалық конурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)«Үздік облыстық маңызы бар музей қызметкері»;
2)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей қызметкері»;
3)«Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері»;
4)«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері»;
5)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері»;
6)«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері»;
7)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапхана қызметкері»;
8)«Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана қызметкері»;
9)«Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымының қызметкері»;
10)«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі (сарайы) қызметкері»;
11)«Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері».
11.Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) ұсынысымен мәдениет ұйымдарын қолдау мақсатында номинациялар бойынша келесі арнайы жүлделер белгіленеді:
1)«Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы құрметіне (музейлер арасында)»;
2)«Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы құрметіне (кітапханалар арасында)»;
3)«Роза Бағланованың 100 жылдығы құрметіне (клубтар арасында)».
12.Ұйымдастырушы комитет ұсынысы бойынша мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерін қолдау мақсатында келесі жүлделер белгіленеді:
1)«Үздік креативті музейлік жоба»;
2)«Үздік музейлік реставратор - 2022»;
3)«Үздік экскурсия жүргізуші - 2022» (музейлер арасында);
4)«Үздік балаларға арналған музейлік жоба авторы»;
5)«Үздік қор жинақтаушысы - 2022» (музейлер арасында);
6)«Үздік экспозиционер - 2022» (музейлер арасында);
7)«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйінің режиссері»;
8)«Үздік балалар аудиториясына арналған кітапханалық жоба»;
10)«Дипломмен ауылға »арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» (музейлер арасында);
11)«Дипломменауылға»арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» (кітапханалар арасында);
12)«Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» (клубтар арасында);
13.Мәдениет басқармалары осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген номинациялар бойынша тек бір кандидатурадан ғана ұсынады.
14.Өңірлік деңгейдегі конкурсқа қатысу үшін мәдениет ұйымдары (ауылдық, аудандық, облыстық, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар) 2022 жылғы 10 сәуірге дейін мәдениет басқармаларына осы Қағидалардың 1-қосымшасына (мәдениет ұйымдары үшін өтінім), 2-қосымшаға (мәдениет ұйымдары қызметкерлері үшін өтінім) сәйкес нысанда рәсімделген «Рухани қазына - 2022» конкурсына қатысуға өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) ұсынады.
15.Мәдениет басқармалары осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін Ұйымдастыру комитетіне облыстың, Нүр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жетекшілік ететін экім орынбасарының қолымен қазылар алқасы отырысының хаттамасымен жеңімпаздарды келесі конкурстың материалдарын қоса беріп, жолдайды:
1)мәдениет ұйымдары үшін өтінім;
2)бағалауға жататын мемлекеттік мәдениет ұйымның 2020-2022 жылдардағы жетістіктері, оның кадрлық және сапалық құрамы туралы қысқаша анықтама;
3)мәдениет ұйымының 2020-2022 жылдардағы жұмысы жөнінде ақпаратты құрайтын, Power Point нұсқасында әзірленген, кемінде 50 слайдтан тұратын 5 минутқа дейін таныстырылымды (презентация) бейнежазбасы.
Таныстырылымда 2020 жылдан ерте емес дайындалған материалдар қолданылады.
мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін:
1)мәдениет ұйымдары қызметкерлері үшін өтінім;
2)мәдениет ұйымынан қызметкерді ұсынатыны жөнінде өтініш хат;
3)байқауға қатысуға ұсынатыны жөнінде ұйымның мөрімен бекітілген ұжымдық отырысы хаттамасының үзінді-көшірмесі;
4) PDF форматында тұлғаның жеке басын растайтын куәлік көшірмесі;
5)қатысушының 3*5 фотосуреті (электронды нұсқада, pdf/jpeg форматында);
6)мәдениет ұйымы қызметкерінің 2020-2022 жылдардағы қызметі туралы ақпаратты құрайтын, Power Point форматында әзірленіп, кемінде 50 слайдтан аспайтын 5 минутқа дейін таныстырылымды (презентация) бейнежазба.
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен кеш түскен конкурстық материалдар Республикалық конкурсқа қарастырылмайды.
«Рухани қазына - 2021» Республикалық конкурсының жеңімпаздары Республикалық конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
16.Республикалық конкурсқа қатысу үшін конкурстық материалдар Ұйымдастыру комитетіне қағаз және электрондық тасығыштарда (флешкарта) Нүр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, А Блогы, № 0810 кабинет мекен-жайы бойынша ұсынылады. Анықтама үшін телефондар: + 7 777 486 66 66,+ 7 775 183 83 29.
17.Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес келмейтін конкурстық материалдар қарастырылмайды және қайтаруға жатпайды.
18.Фестивальге қатысушылардың келіп-кетуі, жататын орны мен тамақтануы бойынша шығындар жіберуші тарап есебінен төленеді.
4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
19.Фестивальдің дайындығы мен өткізілуіне жалпы басшылықты осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес құрамдағы Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз жұмыстарын қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
20.Фестивальдің Ұйымдастыру комитеті елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Конкурс пен марапаттау салтанатын онлайн форматында өткізу туралы қүқығын өзіне қалдырады.
21.Фестивальдің жұмысын жарықтандыру мақсатында Ұйымдастыру комитеті бүқаралық ақпарат құралдарына баспасөз парағын, Конкурс бағдарламасын және өзге де ақпараттық-анықтамалық сипаттағы материалдарды ұсынады.
5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы
22.Мәдениет басқармалары Өңірлік конкурстың қазылар алқасын кал ыптастырады.
23.Өңірлік қазылар алқасы осы Қағидалардың 9 және 10 тармақтарында көрсетілген әр номинация бойынша бір жеңімпаздан Республикалық конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын байқау қүжаттарын іріктеп, бағалап, қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттама негізінде қарастырады.
24.Республикалық конкурстың қазылар алқа мүшелері осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес құрамда құрылады.
25.Республикалық конкурстың қазылар алқа мүшелерінің отырысы 2022 жылғы 16-18 мамыр аралығында өтеді.
26.Республикалық конкурсты және марапаттау салтанатын өткізу орны осы Қағидаларды Министрліктің және мәдениет басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған сәттен «Рухани қазына - 2022» телеграмм арнасында дауыс беру жолымен анықталады. Дауыс беру мерзімі 2022 жылгы 30 сәуірге дейін.
27.Республикалық конкурстың қазылар алқасы мәдениет басқармалары ұсынған конкурстық материалдарын келесі критерийлер бойынша қарастырады және бағалайды:
1)осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің ұсынган ақпаратының толыққанды болуы;
2)материалдар мазмұнының ойга қонымдылығы;
3)Республикалық конкурсқа қатысуға өтінім берген басшының (мәдениет ұйымдары үшін) сондай-ақ қызметкердің таныстырылымының креативтілігі (ұсынылуы, шығармашылық тұргысы, сөйлеу және жұмыстың рәсімделу сауаттылыгы);
4)мәдениет ұйымдарында жаңа технологиялар мен әдістемелік жұмыстары (әдістемелік құралдары мен дидактикалық материалдарын, хабарламалар, баяндамалар, әдістемелік ұсынымдар мен бағдарламаларды, жоспарларды) және өзін-өзі оқыту бағдарламалары;
28.Республикалық конкурстың қазылар алқасы:
1)байқауға қатысушының таныстырылымын тоқтатуға;
2)осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген номинациялар бойынша бірнеше жеңімпаз болған жағдайда сыйлықақыларды бөлу;
3)лайықты үміткерлер болмаған кезде осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтамау құқығын өзіне қалдырады.
29.Республикалық конкурстың Қазылар алқасы хаттамамен рәсімделетін және төрағасымен және барлық мүшелерімен қол қойылатын хаттамамен рәсімделетін ашық дауыс беру жолымен көп дауыспен шешім қабылдайды.
30.Республикалық конкурстың Қазылар алқасының шешімі Фестивальдің жабылу рәсімінде жарияланып, соңғы шешім болып саналады және қайта қарауға жатпайды.
31.Республикалық конкурстың Қазылар алқасы осы Қағидалардың 9 және 10 тармақтарында көрсетілген номинациялар бойынша жүлделер тағайындайды, ал 11 және 12-тармақтарда көрсетілген номинациялар Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша тағайындалады.
32.Республикалық конкурстың жеңімпаздарына салтанатты тұрде диплом, статуэтка және ақшалай сыйлықақы табысталады немесе эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, пошта байланысы арқылы жолданады.
6 - тарау. Қорытынды ереже
33.Осы Қағидалармен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі
Мәдениет және өнер ұйымдары
мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022»
республикалық фестивалін ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
1 -қосымша
«Рухани қазына - 2022»_____________* конкурсына қатысуға
(Ұйымның атауы (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып)
|
|
Басшының аты-жөні, тегі (болған жағдайда)
|
|
заңды мекен-жайы:
|
|
байланыс мәліметтері(телефон, электронды пошта):
|
|
Интернет-ресурстарында және әлеуметтік желідегі парақтары
|
|
жалпы музей және кітап қорының көрсеткіштері, келушілер мен қызметті пайдаланушылар саны,жаңа түсімдер, кітап беру (2020-2022 жж.)
|
|
елімізде және шетелде қайта даярлау және біліктілігін арттыру аясында сертификат алған қызметкерлер саны (2020-2022 жж.)
|
қызметкерлер саны (курс өткен шет мемлекетті көрсете отырып)
|
кітапханалар қызметіндегі өлкетану жұмыстары жөнінде
|
(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)
|
шығармашылық топтар, соның ішінде, ансамбльдер, вокалды-аспапты ансамбльдер мен би ұжымдары және т.б.
|
портфолио, фотоматериалдар, диплом, алғыс хат, құрмет грамоталары мен басқа да марапаттарының көшірмесі
|
музейдің ғылыми қызметі (археологиялық зерттеулер, этнографиялық экспедициялар, ғылыми- монографиялықзерттеулер, ғылыми және ғылыми-танымал басылымдағы мақалалар (иллюстрацияланған)
|
(саны,іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)
|
елімізде және шетелде өткізілген мәдени- көпшілікке арналған және имидждік, сондай-ақ мәдени-ағарту іс-шаралар, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бағытталған
|
(саны, іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)
|
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында іске асырылған (асырылатын) жобалар
|
(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)
|
тұрақты форматта іске асырылатын жобалар
|
(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)
|
баспасөз ақпарат құралдарымен жұмыс, ақпараттық және РR-қызмет)
|
|
Күні_________________________2022 ж.
_____________________ ___________________________________
(қолы) Басшысының аты-жөні,әкесінің аты (болған жағдайда)
*республикалық немесе өңірлік деңгей
Мәдениет және өнер ұйымдары
мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022»
республикалық фестивалін ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
2-қосымша
«Рухани қазына - 2022» конкурсына қатысуға өтінім
(мәдениет ұйымдары цызметкерлері үшін)
Номинация__________________________________________
________________________________________________________________
(мәдениет ұйымының толық атауы)
_______________________________________________________________________________
(Аты-жөні, лауазымы, байланысу мәліметтері (телефон, эл.мекен-жайы)
Күні___________________2022 жыл
______________________________________________________
Басшының аты-жөні (болған жағдайда)
1. Мәдениет қызметкерінің қысқаша кәсіби биографиясы мен негізгі кәсіби қол жеткізген табыстары (2020-2022 жылдарға):
Тегі
|
|
аты, жөні (болған жағдайда)
|
|
туган жылы
|
|
атагы, марапаттары (болганжагдайда)
|
|
мекен-жайы
|
|
телефоны
|
|
эл. пошта
|
|
білімі (мамандыгы)
|
|
ғылыми дәрежесі (болган жағдайда):
|
|
жалпы жұмыс өтілі,
соның ішінде мәдениет саласында
|
|
қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткені
|
(оқыған орны мен мерзімі, біліктілік)
|
байқауларға қатысқаны, соның ішінде халықаралық байқаулар
|
байқаулар саны (нәтижесі)
|
жұмыста өзекті және инновациялық әдістерді пайдалануы
|
|
тарихи өлкетанушылық, әлеуметтік маңызға ие ақпараттық ресурстардың жиынтығын құруы
|
|
авторлық сценарийлік немесе әдістемелік материалдарды әзірлеуі
|
(клуб қызметкерлері үшін)
|
тәжірибесін жергілікті, облыстық деңгейде тарату
|
|
қатысушы тікелей өзі жеңіп алған немесе оның қатысуымен іске асырылған гранттар (мерзіміне шектеу қойылмайды)
|
қатысушы грантты тып алған шығармашылық жобалар мен бағдарламалардың тақырыптары
|
катысушының кітапханалық- ақпараттық саламен байланысты ғылыми-зерттеу, қоғамдық және мәдени-шығармашылық қызметте қол жеткізген табыстары
|
(кітапхана қызметкерлері үшін)
|
қатысушының музей қызметінің сапасын арттыру саласында қол жеткізген табыстары, қатысушының тікелей қатысуымен өткен экспозициялар мен көрмелердің тізімі
|
(музей қызметкерлері үшін)
|
мәдени-ағарту қызметін іске асыру саласындағы кәсіби жетістіктері
|
(клуб қызметкерлері үшін)
|
қатысушының өз қызметінде келушілерді тарту мен қызмет
сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс түрі мен әдіс- тәсілдерін пайдалануы
|
|
ғылыми мақалалар (Скопус, Ринца және т.б. ғылыми басылымдардағы мақалалары)
|
тізімі мен ғылыми мақалалардың көшірмесі жолданады
|
қатысушының баспасөз ақпарат қүралдарындағы мақалалары
|
мақалалардың тізімі мен көшірмесі жолданады
|
өзін таныстыруын жеткізу деңгейі (дизайны, контенті, материалдардың мазмұны)
|
|
Мен (аты-жөні, әкесінің аты) (болған жағдайда)
_________________________________________________________________
Байқауға қатысушы ретінде қатысуға келісім беремін.
_________________2022 жыл _________________________
(күні) (қатысушының қолы)
МО (болған жағдайда) ___________________________