Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 232 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері»;
«5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже), осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 304), 305) және 444) тармақшаларын, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 459) тармақшасын;
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 651) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы20 сәуірдегі №232 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды қорғауды, пайдалануды және молықтыруды мемлекеттік бақылау, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг саласында басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
9) биологиялық әртүрлілікті сақтау;
10) су ресурстарын, орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
11) су ресурстарын, орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
12) су ресурстарын, орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
13) су ресурстарын, орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
14) су ресурстарын, орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
15) геология және минералды шикізат базасын молықтыру саласындағы заңнаманы жетілдіру;