БҰЙЫРАМЫН:
-
Өнімдер:
Бесплатные документы -
Айдарлар:
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации










Бесплатные документы
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Отправить по почте

«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 сәуірде № 27682 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 20–баптарына БҰЙЫРАМЫН:»;
1 тармақта:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары бекітілсін;»;
«4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін;»;
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларында:
«1. Осы концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау тәртібін айқындайды.»;
«Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін мониторинг жөніндегі ақпаратқа қосымша мыналар қоса беріледі:
шартты/мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің/концессияның қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесімен концессия шартының және оған қосымша келісімнің (бар болса) көшірмесі;
бекітілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманың қаржы-экономикалық моделі қоса берілген, оларға экономикалық қорытындылардың көшірмелері қоса берілген көшірмесі.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларында:
«Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары»
«1. Осы мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерлігін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды.»;
«2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 229-бабының 2) тармақшасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейтін, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуға тиіс;»;
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
«3) «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптама»;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлері осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. Т. Жаксылыков
КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 Бұйрыққа 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 1-қосымша
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала есеп айырысулар – жол берулерді көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есеп айырысулар. Алдын-ала есептеулер ашылмалы формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электронды түрде ұсынылады;
2) Жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 13-бабына сәйкес;
3) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |