• Мое избранное
Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27790 болып тіркелді

Редакция 22.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі  Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әзiрлеушi – жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) егiстiк – жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскесі, сондай-ақ таза сүрi жерлер. Алдын ала дақылдар өсірілетін (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), тамырын жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ егiске пайдаланылатын бақтардың қатар аралығы егiстiкке жатпайды;
3) жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталса, жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына азық қажеттілігінен асатын жағдайларда, азық дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
5) жер учаскесі – тұйық шекаралар ішінде бөлінген, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін жер бөлігі;
6) көп жылдық екпелер – жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелері;
7) табиғи шабындықтар – шөп шабу үшін жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi;
8) үшiншi тұлғалар –жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкін іргелес жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар;
9) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
2-тарау. Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын жасау тәртібі
3. Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын (бұдан әрі – ШІЖО) әзірлеу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жерге орналастыру iс-қимылдарын жүргiзудi бастау;
2) дайындық жұмыстары;
3) шаруашылықішілік жерге орналастыру болжамдарын, схемалары мен жобаларын әзiрлеу;
4) жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
5) жобаны орындау.
4. ШІЖО жобасын әзірлегенде жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау мүдделі жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) өтінішхаты бойынша әзірленеді және әзірлеушімен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
ШІЖО жобасы тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1-параграф. Дайындық жұмыстары
5. Дайындық жұмыстарын орындау кезеңінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын, жоспарлы-картографиялық, топырақтық-геоботаникалық және зерттеп-қарау деректерін, жерлерді бағалау деректерін, сондай-ақ тапсырыс берушінің зерттеп-қаралатын жерлерінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын сипаттайтын деректерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.
6. Дайындық жұмыстарының құрамында:
1) далалық зерттеп-қараулар жүргізіледі;
2) жобалауға тапсырма қалыптастырылады.
7. Танаптық зерттеп-қараулар жаңа жерлерді игеру резервтерін анықтау, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Тапсырыс берушінің жерлері және бөгде пайдаланудағы жерлер зерттеп-қаралады және оларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленеді. Әзірлеуші танаптық зерттеп-қарауларды жүргізген кезде:
1) түбегейлі жақсарту жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінде тікелей пайдаланылмайтын, бірақ егістікке, көп жылдық екпелерге, табиғи шабындықтарға, жайылымдарға, түбегейлi жақсартылған шабындықтарға және түбегейлі жақсартылған жайылымдарға игеру үшін жарамды жерлерді айқындайды;
2) топырағы эрозияға ұшыраған жер учаскелерін нақтылайды, эрозиялық процестер серпінін, сондай-ақ топырақтың эрозияға ұшырау дәрежесін айқындайды;
3) бүлінген жерлерді рекультивациялау мақсатында оларды және топырақтың қолданыстағы сызықтық және жыралы эрозиясының ошақтарын анықтайды;
4) қолданыстағы гидротехникалық эрозияға қарсы құрылысжайларды, қорғаныштық орман екпелерін зерттеп-қарайды және оларды жөндеу немесе реконструкциялау қажеттігін айқындайды;
5) шаруашылық ішіндегі жол желісін зерттеп-қарайды, жекелеген жолдардың жұмыс істеу орындылығын, қолданыстағы жолдар мен жол құрылысжайларын жөндеу және жаңаларын салу қажеттігін белгілейді;
6) шалғайдағы жайылымдарды сумен жабдықтау, суландыру көздерін анықтайды;
7) соңғы екі жылдағы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасын жасайды.
8. Танаптық зерттеп-қарау материалдары бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің, топырақ құнарлығының және тапсырыс берушінің ауыл шаруашалығы алқаптарын пайдаланудың нақты жай-күйі көрсетілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазба жасалады.
9. Зерттеп-қаралатын жерлерді жобалауға арналған тапсырма мыналарды көздейді: