• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026 г

Отправить по почте

«Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 259 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 10.10.2025 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес  
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосымша тізбе:
1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай:
қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс;
өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлар өлшемшарттарына сәйкес келетін тауарлардан;
2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атауларынан тұрады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә. Смайылов