• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалық қызметі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалық қызметі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 608 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бағдарламаның  басқарушы  комитетінің  құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға  сәйкес;
2) Бағдарламаның   сараптамалық  кеңесінің  құрамы осы  бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Жобалық басқарудың   ұйымдық құрылымы шеңберінде   жобалық рөлдерді бекіту осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалық басқару регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Базалық  бағыттардың басшылары жетекшілік  ететін базалық бағыттары бойынша нәтижелерге қол жеткізбегені үшін дербес жауапты болады.
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 707, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 707 бұйрығына өзгеріс  пен  толықтыру енгізу  туралы»  2021 жылғы 22 мамырдағы  № 420 бұйрықтарының күші жойылсын.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын   бақылау  Стратегиялық    жоспарлау департаментінің директорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр	М. Бекетаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2021 жылғы 15 шілдедегі
 № 608 бұйрығына
 1-ші қосымша
Бағдарламаның басқарушы комитетінің құрамы 

Бекетаев

Марат Бақытжанұлы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға


 

Пан

Наталья Виссарионовна

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі


 

Мадалиев

Алмат Құрманғазыұлы


 

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

Ахметова

Ақерке Естайқызы

Әмірғалиев

Азамат Халимеденұлы


 

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі


 

Үмбеталиев

Асқар Ерболатұлы

Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Аппарат басшысы

Нұрмаханбетова

Нағима Жақсыбекқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры


 

Сарпеков

Рамазан Құмарбекұлы


 


 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры, з.ғ.к.

Темірболатов

Серік Ғабдұллаұлы


 


 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы

  • 1
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2021 жылғы 15 шілдедегі
 № 608 бұйрығына
 2-қосымша
Бағдарламаның сараптамалық кеңесі

Сарпеков

Рамазан Құмарбекұлы

 

_


 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры,з.ғ.к.

Джангарашев Ролан Маратович


 

_


 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директорының орынбасары

Казиев Зараб Газизович

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК қылмыстық, қылмыстық процесстік, қылмыстық атқарушылық заңнама бөлімінің басшысы, з.ғ.к.

Нургазинов Багдат Кабылкадырович


 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы, з.ғ.к.

Киязова Альбина Жомартовна


 


 


 

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК азаматтық, азаматтық процесстік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы, LLM.

  • 1
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2021 жылғы 15 шілдедегі
 № 608 бұйрығына
 3-ші қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдерді бекіту
Әділет министрлігіндегі жобалық басқарудың ұйымдық құрылымының элементтері:
1) Бағдарлама  басшысы - Бекетаев  Марат  Бақытжанұлы,  Әділет  министрі;  
   2) «Нормашығармашылық мәселелері»  I  базалық   бағытының   басшысы   –   Пан Наталья Виссарионовна, Әділет вице-министрі;
3) «Cот актілерінің орындалуын жетілдіру» ІІ базалық бағытының басшысы – Мадалиев Алмат Құрманғазыұлы, Әділет вице-министрі;
   4) «Зияткерлік   меншікті   дамыту», «Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын жүзеге асыру»  ІІІ базалық бағытының  жетекшісі  – Ахметова Ақерке Естайқызы, Әділет вице-министрі;
5) «Заң көмегін көрсету саласын жетілдіру, Сот-сараптама қызметін жетілдіру, Цифрландыру, Ақпаратқа қол жеткізу» ІV базалық бағытының басшысы – Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы, Әділет вице-министрі;
6) Үлгілік базалық бағытының басшысы – Үмбеталиев Асқар Ерболатұлы, Әділет министрлігінің Аппарат басшысы;
7) Әділет министрлігі жобалау кеңсесінің басшысы – Беркімбаев Берік  Серікұлы, Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2021 жылғы 15 шілдедегі
 № 608 бұйрығына
 4-ші қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалық басқару регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әділет министрлігін жобалық басқару регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың Үлгілік регламентіне (бұдан әрі – Үлгілік регламент) сәйкес және жобалық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын көздейді.
2. Осы Регламентте Үлгілік регламенттің бұйрығымен көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.  
3. Әділет органдары қызметінің шеңберінде Әділет министрлігінің жобалық офисі (бұдан  әрі  –  Жобалық офис)  Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы заңнаманың, сондай-ақ оның процестерін жетілдіру мақсатында ағымдағы қызметтің талаптарын сақтай отырып, бағдарламалық сипаттағы басқа да құжаттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
   4. Жобалық  офистің   құрылымы   Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) 1-қосымшада айқындалған Мемлекеттік органның жобалық басқаруының үлгілік ұйымдық құрылымына сәйкес айқындалады.
5. Жобалық рөлдерді бекіту Әділет министрлігі жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес және Үлгілік регламентке 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жобалық офистің коммуникациялық орталығы бағдарламаның/бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы қоғамның пікірін қалыптастыруды, жобалық қызмет қатысушыларының ішкі және сыртқы коммуникацияларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
   7. Әділет министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қажет   болған   жағдайда,   Жобалық   басқаруды   жүзеге   асыру   қағидаларының  
78-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағдарламаларды/жобаларды басқаруды қоса алғанда, жобалық қызметке жобалар жетекшілерін және (немесе) жобалық басқару жөніндегі консультанттарды немесе штатында жобалық басқару жөніндегі мамандары бар ұйымдарды ақылы қызметтер көрсету шартымен тартады. Жобаға тарту Үлгілік регламенттің 9-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жобалар жетекшілері және (немесе) жобалық басқару жөніндегі консультанттар мемлекеттік сатып алулар немесе мемлекеттік тапсырмалар тетіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын жобаларға тартылған кезде конкурстық құжаттамада жобаның әлеуетті жетекшілеріне және (немесе) жобаның консультанттарына олардың кәсіптік құзыреттілігі, оның ішінде сертификатталуы бөлігінде қойылатын талаптар көрсетіледі.  
8. Жобалық офистің апта сайынғы скрам-кездесулерінің кестесі Офистің жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру топтарының скрам-кездесулері ескеріле отырып, сондай-ақ:
базалық бағыттарды іске асыру топтары жетекшілерінің базалық бағыттар жобалары топтарының жетекшілерімен скрам-кездесулерінің кестелері;  
жобалар топтары жетекшілерінің топ жобалары жетекшілерімен скрам-кездесулерінің кестесі есепке алына отырып әзірленеді.
2-тарау. Бағдарламаны басқару
9. Бағдарлама жетекшісі, бағдарламаның басқарушы комитеті және Жобалық офис Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 66, 67 және 68-тармақтарында көрсетілген функцияларды орындайды.
10.  Жобалық офистің жетекшісі жобалық офисті басқаруды жүзеге асырады, Бағдарламаның жетекшісіне, бағдарламаның басқарушы комитетіне есеп береді, бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бағдарламаның барлық қатысушыларының жобалық қызметінің тиімді өзара іс-қимылын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
11. Жобалық офистің бас менеджері Жобалық офис жетекшісіне есеп береді және базалық бағыттарды іске асыру топтары, жоба топтарының жетекшілері, жобалар үйлестірушілері, жобалар жетекшілері, жобалық басқару жөніндегі консультанттар, жобалық командалар, жобалық тапсырмаларды орындаушылар арасында әдіснамалық қолдауды, коммуникацияларды және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
12.  Жобалық офистің бас менеджері:
1) Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 60, 61 және 62-тармақтарына сәйкес қалыптастырылатын бағдарламаны басқару жоспарын (бағдарламаларды басқару жоспарларын) дайындауды және өзектілендіруді;
2) бағдарлама жетекшісі/бағдарламаның басқарушы комитеті деңгейінде қарау үшін осы Үлгілік регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде проблемалық мәлелелер бойынша ақпараттық таблоны электрондық форматта толтыру арқылы тиісті базалық бағыттың жетекшісі деңгейінде шешілмеген проблемалық мәселелер бойынша есепті апта сайынғы негізде дайындауды;