Toggle Dropdown
3
«Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28086 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 маусымда № 16991 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 175 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-44 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
1
«Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және паразиттік аурулардың (трихинеллез, тениаринхоз, тениоз, описторхоз, дифиллоботриоз, эхинококкоз, альвеококкоз, токсокароз, энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез, безгек, лямблиоз, токсоплазмоз, вирустық кене энцефалиті, Лайм ауруы, лейшманиоздар, қышыма, дерматомикоздар, педикулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) АИТВ инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
Toggle Dropdown
2) аскаридоз – ерте фазада өкпе эозинофильдік инфильтраттары мен аллергиялық реакциялардың дамуы, ал кейінгі фазада мүмкін болатын ауыр асқынулары бар диспепсиялық белгілердің дамуымен сипатталатын ішек геогельминтозы. Қоздырғышы – Нематод (Nematoda) сыныбының дөңгелек гельминті;
Toggle Dropdown
3) безгек – табиғи жағдайларда безгек масаларының шағуы арқылы берілетін плазмодиум (Plasmodium) тектес қарапайым қан паразиттері тудыратын инфекциялық аурулар тобы;
Toggle Dropdown
4) безгектің жергілікті жағдайы – сырттан әкелінетін жағдайдан инфекцияның таралуы нәтижесінде пайда болатын жағдай;
Toggle Dropdown
5) безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру немесе ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның пайда болуы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;
Toggle Dropdown
6) гельминтоздар – адамның немесе жануардың организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар (трихинеллез, тениаринхоз, тениоз, описторхоз, дифиллоботриоз, эхинококкоз, альвеококкоз, токсокароз, энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез);
Toggle Dropdown
7) дегельминтизация – науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминттерді, гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
Toggle Dropdown
8) деларвация – күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қоршаған ортада буынаяқтылардың дамуын дернәсіл фазасында жою;
Toggle Dropdown
9) дифиллоботриоздар – диспепсиялық бұзылулары болатын және В12 тапшылығы анемиясының дамуы мүмкін зооантропоноздық инвазиясы бар цестоздар тобының гельминтозы;
Toggle Dropdown
10) иммундық-ферменттік талдау – науқастың қанының сарысуында ерекше антигендерді немесе оларға антиденелерді анықтаудың жоғары тиімділігіне мүмкіндік беретін серологиялық-иммунологиялық әдіс;
Toggle Dropdown
11) инвазия – адамның паразиттік ауру қоздырғышымен зақымдалуы;
Toggle Dropdown
12) инсектицидтер – қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық және биологиялық негіздегі құралдар (препараттар);
Toggle Dropdown
13) инфекциялық және паразиттік аурулар – пайда болуы мен таралуы адамның өмір сүру ортасының биологиялық факторларының адамға әсер етуінен және аурудың науқас адамнан, жануардан дені сау адамға берілу мүмкіндігінен болатын адам аурулары;
Toggle Dropdown
14) копроовоскопиялық зерттеу – гельминт жұмыртқаларын анықтау үшін жүргізілетін нәжісті зертханалық зерттеу кешені;
Toggle Dropdown
15) лямблиоз – көбінесе симптомсыз паразит таратушылық ретінде өтетін антропоноздық паразиттік инвазия, ауыр жағдайларда ішектің дисфункциясы дамиды. Қоздырғышы – (Mastigophora) шыбыртқы тәрізділер сыныбынан;
Toggle Dropdown
16) описторхоз – көбіне гепатобиллиарлық жүйені және ұйқыбезін зақымдайтын зооантропоноздық биогельминтоз. Қоздырғыштары – (Trematoda) Трематодтар сыныбының жалпақ гельминттері;
Toggle Dropdown
17) педикулез – адамда оның қанымен қоректенетін биттердің ерекше паразиттік тіршілігі;
Toggle Dropdown
18) репелленттер – жәндіктер мен кенелерді үркітуші әсерге ие заттар;
Toggle Dropdown
19) ретроспективті эпидемиологиялық талдау (бұдан әрі – ретроспективті талдау) – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттанушылық деңгейін, құрылымын және көпжылдық динамикасын талдау;
Toggle Dropdown
20) санитариялық-паразитологиялық зерттеу – сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау және айқындау;
Toggle Dropdown
21) скабиозорий – қышымамен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу жүргізілетін стационар (кабинеттер);
Toggle Dropdown
22) тасымалдаушылар – әртүрлі паразиттік (инфекциялық) аурулар қоздырғыштарын тасымалдауға қабілетті қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
Toggle Dropdown
23) тениаринхоз – токсикологиялық-аллергиялық реакциялармен және диспепсиялық бұзылулармен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы –таспалы гельминт – (Cestoda) Цестод сыныбының бұқа таспа құрты;
Toggle Dropdown
24) тениоз – диспепсиялық бұзылулармен және бас миының, көздің ауыр органикалық зақымдалуы мүмкін орталық жүйке жүйесінің функционалдық бұзылуларымен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – (Cestoda) Цестод сыныбының шошқа таспа құрты;
Toggle Dropdown
25) токсокароз – қоздырғышты нәжіс-ауыз арқылы беру тетігі бар Нематодоздар сыныбының зооноздық тіндік (дернәсілдік) геогельминтозы, бауырды, өкпені, көзді зақымдауымен сипатталады, қайталанатын қызбамен және аллергиялық реакциямен байқалады;
Toggle Dropdown
26) токсоплазмоз – латентті немесе созылмалы түрде өтетін паразиттік инвазия. Споралылар (Sporozoa) сыныбының қоздырғышы;
Toggle Dropdown
27) трихинеллез – қызба, бұлшықеттің ауыруымен, диспепсиялық белгілер және асқынулармен өтетін зооноздық биогельминтоз;
Toggle Dropdown
28) трихоцефаллез – диспепсиялық синдроммен өтетін антропоноздық геогельминтоз. Қоздырғышы – адамның тоқ ішегінде, сирек аш ішегінің төменгі бөлігінде паразиттік тіршілік ететін Нематод (Nematoda) сыныбының дөңгелек гельминті;
Toggle Dropdown
29) эндемиялық аумақ – паразиттік сырқаттанушылық тіркелетін ел, жер;
Toggle Dropdown
30) энтомологиялық зерттеп-қарау – паразиттік және инфекциялық ауруларды таратушы болып табылатын буынаяқтылардың түрлік диагностикасын жүргізу;