Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 317 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 317 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 және «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 905 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы.
4. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 528 қаулысы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |