• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығы

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  • 1
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 893 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • 5
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 893 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
  • 1
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Құпия.
4. Құпия.
5. Қызмет бабында пайдалану үшін.
6. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:
193-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«193. Жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаздар (матростар) ретінде рота, корабль, атаулы шекара бөлімшесі (атаулы шекара заставасы) тізіміне мәңгі енгізілген әскери қызметшілер үшін ұйықтайтын үй-жайда көрнекті жерде ұдайы үлгілі жағдайда ұсталатын кереует қойылады. Кереуеттің тұсына батырдың портреті және оның ерлігінің сипаттамасы ілінеді.».
7. Құпия.
8. Қызмет бабында пайдалану үшін.
9. «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (басшының орынбасары);».
10. «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабы) баяндамасын тыңдайды;»;
6-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы басшысының орынбасары).».
11. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
12. Құпия.
13. Құпия.
14. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Сыртқы барлау қызметі туралы ережесі осы өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
15. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  • 1
Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 17 мамырдағы № 893
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2922 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ЕРЕЖЕ